Сәт Тоқпақбаев «Халық қаһарманы» атанды
Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Сәт Тоқпақбаевқа – «Халық қаһарманы» атағы берілді.
«Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды»,- делінген Жарлықта.
Сәт Тоқпақбаев 1993-1995 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған, 1999-2001 жылдары ҚР Қорғаныс министрі қызметін атқарған. 2007-2016 жылдары Мәжіліс депутаты болды. Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев 17 қыркүйек күні 85 жасқа толады.
Abai.kz