Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4697 0 пікір 27 Ақпан, 2014 сағат 06:48

Мүшәйра: «Мәңгілік ел – ұлт мұраты»

«Мәңгілік ел – ұлт мұраты» атты республикалық жыр-мүшәйрасы

Астана қаласы әкімдігі  Астана күні мерекесі қарсаңында «Мәңгілік ел – ұлт мұраты» атты республикалық мүшәйра жариялайды.

ҚР Президенті – Елбасының биылғы жолдауы қоғамдық ойға үлкен серпіліс тудырды.

«Мәңгілік ел – ұлт мұраты» атты республикалық жыр-мүшәйрасы

Астана қаласы әкімдігі  Астана күні мерекесі қарсаңында «Мәңгілік ел – ұлт мұраты» атты республикалық мүшәйра жариялайды.

ҚР Президенті – Елбасының биылғы жолдауы қоғамдық ойға үлкен серпіліс тудырды.

 Мүшәйраның мақсаты –  Тоныкөк абыз тасқа қашап, Асанқайғы армандаған, кешегі Алаш қайраткерлерлі өсиет еткен,  бүгінгі  қазақ ұрпағы жүзеге асыруға серт беріп,  бел буған  «Мәңгілік ел» мұратын жас ұрпаққа насихаттау; «Мәңгілік ел» рухы жолында қасық қаны қалғанша шайқасып, атамекеннің сынық сүйем жерін дұшпанға бастырмай кеудесімен қорғаған батыр бабаларымыздың, қаһарман хандарымыздың, елдің бірлігін даналығымен ұйытқан би-шешендеріміздің ерлік істерін, отансүйгіш өнегесін жастарға үлгі ету; қазақ халқының әрдайым  татулық пен ынтымақты  үлгі еткен дархан мінезін, ауызбіршілік пен  адалдықты, еңбекқұмарлық пен ақыл-ойды  қасиеттеген ізгілікті дәстүр-салтын жыр тілімен кестелеу; сонау сақ,  ғұн, түркі бабаларымыздың алтын  аңызымен әспеттелген Қазақ елінің елтаңбасы, көк байрағы, әнұранындағы рәміздерді ұлықтау; Қазақстанның кең байтақ шекара шебін қас қақпай күзетіп тұрған ержүрек сардарларымыз бен  жауынгерлерімізге жігер беретін, намысын қайрайтын толғаулар мен дастандар тудыру;  кеңірек айтқанда «Мәңгілік ел» ұлы мұратымыздың мағыналық   кеңістігіне түпқазық болып тұрған   ана тілімізді,  ата ділімізді, әдет-ғұрпымызды, шежірелі тарихымызды, мәдени мұрамызды  көздің қарашығындай сақтауға жастарды шақыратын  мәйекті өлеңдер тудыру;   Қазақ елінің тәуелсіздігі жолында  арпалысып есімі ел жадында мәңгі сақталған қаһарман тұлғалар мен халқы үшін  ой шырағданын жағып азаттыққа өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер қайраткерлердің тағдырын жырлау арқылы азаттықтың нарқы мен парқын айқындау; сонымен бірге   Алаштың мақтанышы болған, жаңа ғасырда әлемнің саяси-мәдени елеулі оқиғалары өтетін  ізгілік пен татулықтың, халықаралық  үнқатысудың ордасына айналған, жуықта халыққа есеп беру кездесуінде  Астана әкімі И.Тасмағамбетов айтқандай «Мәңгілік елдің алтын діңгегі – Астана» осы мүшәйраның   негізгі ұйтқысы, алтын  арқауы болып отырғандықтан  Астана шаһарының кескін-келбетін кестелі тілмен зерлеп, жас ұрпаққа ұлағат ету; Осы қадамдар арқылы алда келе жатқан Астана күні  қарсаңында қасиетті  тәуелсіздіктің көркем шежіресін, тарихи тамырын, мән-маңызын жырмен айшықтап, «Мәңгілік ел» ұлттық  идеясының  бағыты мен баптарын, сан-салалы кеңістік аясын өлеңмен өрнектеп, ұрпақтың санасына ұялату;

Елін бақытқа жеткізген, әлемдегі дамыған елдермен терезесін теңестірген Ұлт Көшбасшының отанымыздың болашағанына алтын тұғыр еткен  «Мәңгілік ел» идеясын насихаттап,  парасат пен ізгілікке толы жауһар жыр тудырған майталман  ақындарға жүлде беріледі. Мүшәйраға еш жерде жарық көрмеген өлеңдер, толғаулар, поэмалар қабылданады. 

  

Бас жүлде – жеңіл автокөлік.

 

Бірінші орын – біреу

 

Екінші орын – екеу

 

Үшінші орын – үшеу

 

Ынталандыру сыйлықтары – бесеу

 Мүшәйраға қатысушылардың шығармалары компьютерге басылған бес данадан кем емес және электронды нұсқасымен 2014 жылдың 5 маусымына дейін  мына мекенжайға келіп түсуі керек:

 

Индекс: 010000, Астана қаласы, Әуезов көшесі, 20 «А», Сәкен Сейфуллин мұражайы. Тел.: 32-84-67, 53-34-03, e-mail:seifullin_museum @mail.ru.

        

         Мүшәйра қорытындысы қала мерекесі күні қарсаңында шығарылады. Жүлдегерлердің Астанаға келіп-кету жол шығыны мен жатар орны мәселесін ұйымдастыру комитеті мойнына алмайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.

 

Ұйымдастыру комитеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550