Қабдеш Жұмаділов. Ажалдан қашқан
Оспановтар отбасына бiр үлкен уайымның iлiккенiне де бiрнеше айдың жүзi болды. Жай уайым емес, бас қатырар, қабырға қайыстырар ауыр қайғы. Осы үйдiң келiнi Балхадишаның бойына үшiншi перзент қалай бiттi, солай бұлардың бастарына қара бұлт үйрiлген. Қалыпты жағдай болса, бұл өзi – қайғы емес, қуанатын нәрсе ғой. Қазақтың баяғы заманы баста тұрса, мұндайда ағайын-туысты жинап “қарын той” жасап та жiберер едi. Амал не, бұл күнде болашақ сәбидiң қуанышы айықпас қайғыға айналып отыр.

Қабдеш Жұмаділов
2014 - қаңтар
"Жас Алаш" газеті