Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6096 0 пікір 28 Ақпан, 2014 сағат 05:47

Үш жүздің батырына - 300 жыл

Қазақтың халық болып қалыптасу тарихына тоқталсақ, тұңғиық тереңге тірелетініміз хақ. Топырағында тауарих толқып,шежіреге бөккен бағзы даласы сұмпайы соғыстан, мерейлі жеңіс, мәрт батырлардан кенде болған емес. Қайыспас қара нарлардың қайсарлығының арқасында келген жеңістің жемісін бүгінгі ұрпақ біз көрудеміз. Ұлан-ғайыр атырапты Алаштың абадандары атанған, аламанның алдын бермеген асыл ерлер қанкешу соғыста  жанкешті ерліктің қасабында жүріп, бүгінгі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбітшілік заманның бейнесін сол тұста қалыптастырды. Сондай, ел үшін ерен еңбегімен елдің есінде сақталған аты мәшһүр бахадүрлеріміздің бірі Ер Жәнібек батырдың  биыл 300 жылдық мерейтойы кең көлемде атылып өтілмек.

  Ер Жәнібек Бердәулетұлы (1714-1792жж.) Сыр бойында туған. Ер Жәнібек қазақтың батырлары: Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алтыбай, Еспенбет, Шөңке, Ақпантай, Малайсары, Жанатай, Өтеген, Райымбек, Баян тәрізді Абылай заманында жоңғарларға қарсы соғысындағы айтулы тұлғалардың бірі ретінде тарихтан ерекше орын алады. Ер Жәнібек туралы айтқанда оны хан Жәнібек немес Шақшақ ұлы Жәнібекпен шатастырмау керек.  Ер Жәнібек Керейдің Жәнтекей руынан шыққан Абылай маңына шоғырланған батырлардың бірі.

    Батырдың мерейтойының тұсау кесер рәсімі Абай атындағы ҚазҰПУ-да өтіп, шараға  «Ер Жәнібек» қорының мүшесі, отставкадағы генерал-майор Дәлел Нүкеұлы, жазушы,Қытай Халық Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Ер Жәнібек» романының авторы Шәміс Құмарұлы, ,М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, ақын Мұхамадиев Дәурен, айтыскер ақын – Қайрат Құлмұхамед, философия ғылымдарының кандидаты,түрколог ғалым Нәпіл Базылхан қатысып,құттықтау сөздер оқылып,тілектер айтылды.

Шараға Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің студенттері белсене қатысып,алқалы жиынның ажарын кіргізді. Әуелеген әдемі әуездің әсері жиылған жұртты жанын жадыратып, күмбірлеген күй көпшіліктің көңілін көтерді. «Бүгінгі жиын біздің алға қойған мақсаттарымыздың бір парасы ғана дейді», – шараны ұйымдастырушылар. Абадан батырдың мерейтойы Республика көлемінде аталып өтілмек.

Орынбасар Бақытбекұлы

qamshy.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2068