Бейсенбі, 17 Сәуір 2025
Дабыл 5531 17 пікір 19 Қыркүйек, 2024 сағат 10:39

Қазақстан АҚШ-қа 49 жылға жалға жер берді

«Қазақстан Республикасының Үкіметі Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ-тың консулдық мекемесінің ғимаратын салу үшін жер учаскесін жалға беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын», – делінген Қазақстан Үкіметінің қаулысында.

Келісім жобасына сәйкес Алматы қаласындағы Жамақаева көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Алдара Көсе көшесінің арасында орналасқан жер учаскесі жалға беріледі. Жалдау мерзімі шарт жасалған күннен бастап 49 жыл деп есептелінген. Бұл ретте жалдау мерзімі тағы 49 жылға ұзартылуы мүмкін. Учаске ауданы – 70 593 шаршы метр.

«Жалға алу ақысы (жалпы ұзақтығына шектеусіз) 25 301 016 доллар және осы келісім күшіне енген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде бір реттік төлеммен төленеді», – делінген келісім жобасында.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1969
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4817
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3985