Ататүрік мысалы: Қазақ тілінің өткені мен келешегі қандай?
Қазақ тілі – біздің өткеніміз, бүгініміз және болашағымыз, ол мәңгілік, уақыт сияқты. Тіл – ұлттың бар екендігінің дәлелі. Бұл – ата-бабаларымыздың бізге берген өсиеті, бүгінгі абыройы мен ертеңгі кепілі.
Заңда: «Мемлекеттік тіл — қазақ тілі», - деп анық жазылған. ХХ ғасырдың басында Алаш қайраткері, ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Егер тіл жоғалса, ұлт та жойылады», - деген болатын.
Бірнеше ғасырлар бойы біздің ұлт Ресей бодандығында болды. Тоталитарлық жүйенің шектеулері ұлттың сапасына кері әсер етті, ең әуелі қазақ тіліне зиян келтірді. Ана тілін білмейтін отбасылар мен әулеттерқұрылды.
1928 жылы Түркия үкіметі түбегейлі түрде елдің өмірін өзгертуге және Түркиядағы бүкіл өмірді араб әліпбиінен латын алфавитіне көшіру туралы шешім қабылдады. «Түрік тілі ғасырлар бойы тізбектелген, ал енді осы бағаналарды сындыратын кез келді», - деді сол уақыттағы Түркия президенті Мұстафа Кемал Ататүрік.
Бұл өте радикалды қадам болды. Мұның себебі – араб жазуының күрделілігі болды. Түркиядағы мультимәдениеттілік жағдайында бұл шетелдіктердің интеграциясына үлкен кедергі келтірді және Батыс елдерімен халықаралық қатынастарға кері әсерін тигізді. Ескі араб алфавитінде 5 мыңға жуық таңбалар болды. Қиындықтар тек шетелдік оқырмандар арасында ғана емес, баспаханалардағы жергілікті қызметкерлер үшін де қиын болды.
Сондықтан Түркия президенті жер және банктік реформалармен шектелмей, жаңа алфавит әзірлеуге кірісіп кетті, содан кейін оны халыққа тарату үшін комиссия құрды. Тркия мұның мүмкіндігіне күмәнданған жоқ Себебі, оның алдында Әзербайжанның мысалы болды. Түркітілдес және ислам халықтары арасында латын әліпбиін таратуға мүмкіндік туды.
Сөйтіп, 29 таңбадан тұратын қазіргі түрік алфавиті пайда болды. Ол латын әріптерінен тұрды, олардың кейбірінде диакритикалық белгілері болды (әріптерді жергілікті айтылымға бейімдейтін арнайы элементтер). Кейбір басқа әріптер пайдаланылмады, өйткені комиссияның пікірі бойынша олар қажет емес еді. Сонымен, алфавитте Q, W және X жоқ.
Бұдан кейін бейімделудің және жаңа алфавитке көшудің күрделі және ұзақ процесі жүрді. Елдегі барлық белгілерді, кафелердің, мейрамханалардың, қонақ үйлердің және басқа мекемелердің белгілерін толық ауыстыру керек болды. Жаңа алфавиттің көмегімен жаңа құжаттарды жазу жоспарланған болатын, алайда адамдар емле бойынша әлі де жеткілікті білім ала алмады. Ол үшін ересектерге арналған мектептер бүкіл елде ұйымдастырыла бастады, 16-дан 40 жасқа дейінгі азаматтар бұл мектептерде жаңа әліпбиді үйренуге мәжбүр болды.
Жаңа әліпбиге көшу қажеттілігі туралы халықты сендіру үшін Мұстафа Кемал Ататүріктің өзі ел комиссиясымен бірге сапар шегіп, халықты осы реформаның маңыздылығына сендіре бастады. Қысқа уақыт ішінде 14 миллионнан астам халық тұратын елде жазбаша тілді өзгерту оңай болған жоқ. Кейбіреулер бұл өзгерістер мен жеңілдетулерді құптады, ал кейбіреулер наразылық білдіріп, мешіттерді безендіру үшін жиі қолданылатын араб жазуы арқылы елдің өзіндік ерекшелігі мен сұлулығын жоғалтады деп санады.
Латын әліпбиінің қабылдануы еуропалық стандарттарға сәйкес жаңадан құрылған көптеген бастауыш және орта мектептерде, арнайы және жоғары оқу орындарында оқуды жеңілдетті, сонымен бірге ғылыми зерттеулердің дамуына, Түркияның еуропалық мәдениет пен өркениетке енуіне ықпал етті. Бүкіл науқан түрік патриотизмі ұранымен өтті.
Ұлттық патриотизмді ояту мақсатында түрік тілін дамыту науқаны да түрік лингвистикалық қоғамымен өткізілді. Оның ресми мақсаты — түрік тілін шетелдік, араб-парсы сөздерінен тазарту. Негізгі әдеби шығармалардың мазмұнын қазіргі түрік тіліне ауыстыра отырып, жаңа, тек түрік тілінен шыққан сөздерді қолданатын қайта жазу пайда болды.
1991 жылға дейін немесе Кеңес дәуірде, «қазақтар және олардың ата-бабалары тек көшіп-қонып, мал бағып өмір сүрген халық болатын» деп, кеңестік идеология мен билік қазақтардың миына жылдар бойы құйып отырды. Кеңестік идеология «егер орыс жазуы немесе кириллица болмаса, онда барлық жағынан арта қалған қазақ халқы баяғы көшпелі өмір сүріп, айдалада қанғып жүретін еді» деп сіңірді.
Бірақ, қазіргі Қазақстан жерінде 6-10 ғғ. көне түрік жазуы болған және оны көшпелі көне түріктер өздері ойлап тапқанын сол заманда тек зиялы адамдар білетін. Русько Грекиядан православиелік әулиелер Кирилл мен Мефодий ұсынғаны секілді, қазаққа жазуды басқа біреулер басқа жақтан әкеп ұсынған жоқ.
10 ғ. әлемде ислам дінәнің тарауы мен арабизация процессі өте қатты қарқынды жүргізілді. Және сол ғасырдан бастап Орталық Азия мен қазіргі Қазақстан жерінде ислам дінінің қабылдануы мен оның ең басты кітабы – Құран-Кәрімді білу үшін араб тілі мен жазуына көшу. Содан бастап, яғни 10 ғ. бастап 1929 жылға дейін қазақ халқы араб жазуын қолданған. Барлық құнды рухани, әдеби, тарихи туындылар араб жазуында болған еді.
1929 ж. Кеңес билігі КСРО-да тұратын барлық түріктілдес халықтарды латиница негізділген алфавитіне көшеру процесін жүргізді. 1929 ж. латын алфавитіне көшкенде, Кеңес билігі барлығына тең жағдай жасамады. Мәселен, кім сол кезде мектеп пен ЖОО-да оқыған, олардың латын алфавитінде жазу мен оқуына жағдай жасалған. Ал, басқаларға сондай жағдай болған жоқ. Соған байланысты үлкен буын адамдары латын алфавитін білмей, араб алфавитінде қалып, барлық ақпарат мен білім көздерінен айырылған еді. Латын алфавитіне өткен қазақ жастары бірде-бірде араб жазуындаға құнды және ұлттық туындыларын оқымай қалып, тез арада Кеңес идеологиясының жеміне айналып, өз ұлттық тамырларын айырылу процесін бастан кешті.
Бұл процесс, әсіресе, 1940 жылдан бастап қатты нығаяды және сол жылы Сталин бұйрығымен барлық түріктілдес халықтар, оның ішінде қазақ халқы, кириллица немесе орыс алфавитіне көшеді. Содан бастап қазіргі заманға дейін біз осы алфавитті барлық жағынан пайдаланып жатырмыз. Сонда 1940 жылдан бастап 1991 жылға дейін біздің өз ұлттық тамырлары мен ұлттық қасиеттерінен айырылу процесі жүрді және өз тілі мен рухынан айырылу басталды. Тек 1991 жылдың аяғында тәуелсіздікке қол жеткізу осы процесті тоқтатты, бірақ оны толық тоқтатты деп айтуға болмайды.
Міне, бізді ұлттық тамырымыздан айырған тарихи кезеңнің ауыртпалығы. Бүгін біз біртіндеп осы «аурудан» арылап жатырмыз. Қазақстан - Тәуелсіз ел, ал мемлекеттік тіл - қазақ тілі болғандықтан, оны білу - елдің әрбір азаматының міндеті!
Атақты көне заман ғалымы Махмад Қашқари: «Тәрбие ана тілінен басталуы керек», - деген еді. Әрбір тәрбие отбасынан басталады, отбасында патриоттық сезім қалыптасады. Қазақ халқы балаларын нәресте кезінен бастап «Отан» ұғымын ел, туған жер, туған тіл ұғымдарымен байланыстыра отырып тәрбиелеуге тырысты. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен қолдану аясын кеңейтуді мектептен бастау керек! Тәрбие тілді меңгеруден басталады!
Елімізде мемлекеттік тілге көшу қарқыны күн сайын жақсарып келеді. Барлық мемлекеттік органдар мен мекемелер мемлекеттік тілді насихаттау үшін әр түрлі іс-шаралар жүргізеді. Сонымен қатар, газеттер мен журналдар, теледидарда түрлі бағдарламаларда мемлекеттік тілдің маңыздылығы туралы айтылады.
Мұндай үгіт-насихат жұмыстары мемлекеттік тілдің дамуына оң әсер етеді. Бүгінде бүкіл әлемде тәуелсіз ел ретінде танылған Қазақстанға деген қызығушылық артып келеді. Барлығы біздің елдің материалдық және рухани құндылықтарын білгісі келеді. Ұлттық санада қазақ тіліне деген құрметті арттыру керек! Қазақ тілі - біздің ата-бабаларымыздың тілі, олардың болашақ ұрпаққа берген ең құнды өсиеті.
Керімсал Жұбатқанов,
тарих ғылымдарының кандидаты, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің доценті7
Abai.kz