Жексенбі, 13 Қазан 2024
Саңлақ 3577 0 пікір 23 Қыркүйек, 2024 сағат 16:34

Зәмзәгүл Файзолланова - алғашқы әйел чемпион

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Ақтөбеде өткен Alash Pride FC 100 мерейтойлық жүзінші турнирінде Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия Орталық спорт клубының спортшысы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Капитан Зәмзәгүл Файзолланова өзбекстандық Ходжонисо Комолдинованы мерзімінен бұрын жеңіп, Alash Pride лигасы тарихындағы алғашқы әйел чемпион атанды.

Айта кету керек, спортшы ММА-да екі жылдық үзілістен кейін 77 кг салмақта өнер көрсетті.

«Мен өз күшіме сендім. Бұл турнирге де тек жеңіске жету үшін келдім. Менің мақсатым - алғашқы әйел чемпион атану еді. Арманым орындалды. Армия Орталық спорт клубына маған қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын», деді Зәмзәгүл Файзолланова.

Abai.kz

0 пікір