Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 1567 11 пікір 26 Қыркүйек, 2024 сағат 14:24

Жоғарғы Сот мектепте орамал тағуға тыйымды жойған жоқ!

Сурет qaz.ulysmedia.kz сайтынан алынды.

«Мектепке орамал тағып баратын оқушы қыздар сабаққа жіберілді. Жоғарғы сот балалардың білім алу құқығы шектеді деген үкіммен бұл мәселеге нүкте қойды», - деген материал Қзақстанның ақпараттық кеңістігінде қызу талқы болған еді.

Бүгін ҚР Жоғарғы Соты арнайы мәлімдеме жасап: «Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ», - деді.

Жоғарғы Сот мәлімдемесі:

1) Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралуда.

2) Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған.

3) Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады.

4) Сонымен қатар, бейінді Министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған.

5) Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз.

6) Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385