Жексенбі, 13 Қазан 2024
Қылмыс 702 0 пікір 30 Қыркүйек, 2024 сағат 17:09

М.Әуезов атындағы ОҚУ басшысы күдікке ілінді

Фото: Kazinform

М.Әуезов атындағы ОҚУ басшысы Қайрат Нұрманбетовті 2 айға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген. Бұл туралы Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Шымкент қаласында орналасқан М.Әуезов атындағы ОҚУ ректорының міндетін атқарушы Қайрат Нұрманбетов пара алды деген күдікке ілінген. Қазір оқиғаға қатысы бар тағы екі адамға қатысты іс қозғалған.

Аталған ақпарат бойынша ресми пікір білдірген Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі 3 адамға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілгенін мәлімдеді.

«Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотымен күдікті Нурманбетов Кайратқа және екі тұлғаға қатысты 2 айға, яғни 2024 жылғы 18 қыркүйектен 2024 жылғы 18 қарашаға дейін «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беріліп, кепіл мөлшері айқындаусыз қалдырылған. Қаулы заңды күшіне енді. Ал, қалған сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабының талаптарына сай жария етiлмейді» — делінген ведомство ақпаратында.

Abai.kz

0 пікір