Жұма, 22 Қараша 2024
Экономика 3936 0 пікір 1 Қазан, 2024 сағат 16:15

Қазақстан мен ХВҚ ынтымақтастық жоспарларын талқылады

Сурет: primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстандағы Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Николя Бланшемен кездесті.

Кездесуде тараптар ағымдағы экономикалық жағдайды, Үкіметтің экономиканы одан әрі сапалы өсіру мақсатында жүргізіп жатқан реформалары мен шараларын, сондай-ақ Қордың экономикалық саясатты дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарын әрі жақын және орта мерзімді перспективаға арналған ынтымақтастық жоспарларын талқылады.

Вице-премьер экономиканың үздіксіз өсуін және биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша оны 3,7%-ға дейін жеделдетуді баса айтты. Бұған қоса, Премьер-Министрдің орынбасары Үкіметтің бюджеттік саясаттың тиімділігін арттыру, салық заңнамасын жетілдіру, инвестициялық тартымдылықты күшейту және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жұмысына да тоқталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1435
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3200
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5144