Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Қоғам 1423 3 пікір 10 Қазан, 2024 сағат 16:32

Министрлік: Қазақстанда девальвацияға ешқандай негіз жоқ

Фото: https: ia-centr.ru

Елімізде девальвацияға ешқандай негіз жоқ. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлім етті.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер 9 тамызда шетел валютасының теңгеге шаққандағы бағамы не себепті өскенін сұрады.

«Валюта тұрақты деп айта аламын. Әрине, оған әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Кез келген басқа валюта сияқты ол елдің экспорты мен импортына тәуелді болады. Сондықтан мұндай әсерлер кезінде бағам өзгеруі мүмкін. Жалпы алғанда, баршамыз валютаның тұрақтылығын көріп отырмыз, яғни ұлттық валютада депозиттердің кірістілігі шетел валютасынан әлдеқайда жоғары. Сондықтан өз басым ұлттық валютаның тұрақтылығына сенемін», — деді А. Қасенов.

Оның айтуынша, кейінгі үш жылда БАҚ-та түрлі сарапшылар шетелдік валюта бағамының тым жоғары болатынын жариялап жүрді. Алайда олардың осы пайымы іс жүзінде болмады.

«Шын мәнінде, бізде біраздан бері девальвация болған жоқ, өйткені девальвацияға ұшырауға үнемі нақты іргелі негіздер байқалуы тиіс. Ал қазір мұндай негіз жоқ. Экспортымыз былтырғыдан әлдеқайда жоғары. Импорт төмендеді. Қазір бізде оңтайлы сауда балансы қалыптасты. Сондықтан қазір бізде девальвацияға ешқандай негіз жоқ», — деді вице-министр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052