Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 1268 2 пікір 14 Қазан, 2024 сағат 12:07

Алаңдаушылық тудыратыны – жастардың жұмыссыздығы...

Фото: https: matritca.kz

Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Дания Еспаева жұмыссыз жастардың жағдайы жайлы айтты, деп жазды BAQ.KZ.

– Ерекше алаңдаушылық тудыратын – жастардың жұмыссыздығы. Бұл проблема еңбек нарығына жастардың жыл сайынғы 300 мыңнан астам болжамды ағыны есебінен қиындайтын болады. Проблемалар білім беру жүйесінен еңбек нарығына көшу сатысында басталады, мұнда жастар білім беру арқылы не өз дағдыларын жетілдіре алмайды, не жұмысқа орналасу арқылы тәжірибе де жинай алмайды, - деп айтты Дания Еспаева Үкімет сағатында.

Депутат атап өткендей, еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру үшін мемлекет жыл сайын жоғары оқу орындары мен колледждерде тегін оқу үшін гранттар береді. Биыл жоғарғы оқу орындары – шамамен 74 мың, ал колледждер 143 мың жаңа студентті қабылдады. Оның сөзінше, алайда, оқуды аяқтағандардың барлығын жұмысқа орналастыру үлкен алаңдаушылық туғызады.

– Айталық, 2023 жылы мамандығы бойынша колледж түлектерінің 40%-ы жұмысқа орналастырылды. Бұл ретте, өкінішке қарай, мемлекеттік органдар жоғары оқу орындарының барлық түлегінің жұмысқа орналасуының нақты жағдайымен таныс емес. Бұл түлектердің жұмыссыздар қатарын толықтыруына немесе кез келген жерде жұмыс істей беруіне алып келеді. Олардың бір бөлігі мемлекеттік қолдауға қайта жүгінуге мәжбүр, оған тағы да бюджет қаражаты жұмсалады, - деп түсіндірді Дания Еспаева Үкімет сағатында.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1443
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3206
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5198