Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Ғылым-білім 558 5 пікір 14 Қазан, 2024 сағат 13:20

Бізде өз мамандығымен жұмыс істемейтін білікті мамандар көп

Фото: liter.kz

Депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістегі Үкімет сағатында елімізде мамандар өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін айтты, деп жазды BAQ.KZ.

– Жуырда таксиде келе жатып, жүргізушімен әңгімелестім. Оның аты – Сержан, өте ақкөңіл адам. Бұған дейін ол инженер-гидролог болып жұмыс істепті. Ол білімі мен өз мамандығы туралы, су ресурстарын басқару туралы әңгіменің майын тамыза айтты. Бір уақытта менің сұрақ қоятынымды түсінді ме, білді ме әңгімесін тоқтатты. Ол «Өзіңіз түсінесіз ғой. Менің отбасым бар. Мойнымда кредиттер бар. Сондықтан өз мамандығымды қаншалықты жақсы көрсем де, инженер-гидрологтың алысқа бара алмайсың» деп ақталуға тырысты. Әрине, бұл оқиға бір адамның басынан өткен жағдай емес, ол еңбек нарығындағы түйіткілді мәселенің көрінісі деп айтар едім, - дейді депутат.

Аймағамбетовтің ойынша, мұндай мысал жетеді.

– Неге осындай білікті мамандар өз мамандығы бойынша жұмыс істемей жүр? Еңбек нарығындағы дисбаланстың себебі неде? Неге мамандар жеткіліксіз? - деп сұрады ол.

– Біз мамандар жетіспейді дейміз бірақ гранттарды игеру кезінде мынадай жағдай болып отыр. Мысалы, гидромилирация мамандығына бөлінген гранттарға бірде-бір адам өтініш бермеген. Яғни конкурс нөл адам болды. Көлік құрылыстары бойынша бөлінген 300 гранттың тек 29-ына адам қабылданды. Яғни бір грантқа 0,1 адам келіп отыр. Бұл мысалдар кадр тапшылығы күрделі мәселе екенін айқын көрсетеді. Яғни проблема тек грант санында әлде оның дұрыс бөлінбеуінде ғана емес. Тіпті, оларды дайындайтын колледждер мен университеттердің болмауында немесе олардың оқыту сапасында емес екені барлығымызға анық деп ойлаймын, - деп айтты Асхат Аймағамбетов Үкімет сағатында.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1974