Сәрсенбі, 16 Қазан 2024
Жаңалықтар 208 0 пікір 15 Қазан, 2024 сағат 16:20

СҚО: Алимент төлеуден жалтарғандар жазаланды

Фото: Gov.kz

СҚО прокуратурасы алимент төлемдерін және мемлекет кірісіне өндірілуге жататын сомаларды төлемеу фактілерінің жолын кесті.

Шал ақын ауданының прокуратурасы ағымдағы жылдың өткен кезеңінде қадағалау актісімен алимент төлемдері бойынша 8,4 млн теңге және мемлекет кірісіне 2,3 млн теңге берешекті өндірді.   Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 669-бабына сәйкес 3 қасақана борышкер 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар, 2 проблемалық борышкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 139,430-баптары  бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, кәмелетке толмаған баланы асырау бойынша алименттік міндеттемелерін 7 айдан астам орындамау салдарынан 2,6 млн теңге қарызы бар борышкер «С»-ға Шал ақын аудандық сотының 06.05.2024 ж. үкімімен ҚК-нің 139-бабы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Басқа жағдайда, заңды күшіне енген сот шешімін 6 айдан астам орындамағаны үшін борышкер «A» ҚК-нің 430-бабы бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, аудан прокуратурасы борышкерлерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді, атап айтқанда әр айдың 10-күні Жастар бастамалары орталығында «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өткізіліп, борышкерлерге бос жұмыс орындары ұсынылады. Аудан прокуратурасы борышкерлерді қарыз пайда болуына жол бермей, балаларының алименттерін, мемлекет алдындағы берешектерін дер кезінде төлеуге шақырады.

Abai.kz

0 пікір