Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3979 0 пікір 23 Қыркүйек, 2009 сағат 05:35

Жас қазақстандықтардың бойында тәуелсіздікке құрмет сезімін тәрбиелеу - біздің парызымыз – Назарбаев

Шымкент. 22 қырқүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында жастардың бойында Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алғанына құрмет сезімін тәрбиелеу қажеттігі туралы айтты.

«Жас қазақстандықтардың бойында біздің тәуелсіздігімізге деген құрмет сезімін тәрбиелеу – біздің ортақ парызымыз», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні Шымкентте Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би көшелерінің қиылысында орналасқан Ордабасы алаңында Тәуелсіздік монументін ашу салтанатында, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Отанымыздың оңтүстік шекарасында орнатылған осынау айбынды монумент осы мақсатқа қызмет ететініне сенімдімін», - деп атап көрсетті мемлекет басшысы

Салтанатқа жиналған қала тұрғындарына қаратып айтқан сөзінде президент тәуелсіздік алу жаңа Қазақстанның негізі қаланған, оның табыстары мен жетістіктерінің бастапқы нүктесі екенін жеткізді. «Қазақстандықтардың әрбір жаңа ұрпағы өскен сайын осы күннің мәні де аса береді», - деп мәлім етті ол.

Сонымен қатар, Н. Назарбаев сейсенбі күні облыстық кардиология орталығында болып, аурухананың жаңа корпусын аралап көрді, жаңа жабдықтармен танысып, медициналық қызметкерлермен әңгімелесті.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 961
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2470
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 665
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 641