Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 925 0 пікір 23 Қазан, 2024 сағат 18:37

Мәжіліс Қазақстан мен Франция арасындағы маңызды құжатты ратификациялады

Сурет parlam.kz сайтынан алынды.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық корпус еліміз үшін, экономикамыз үшін маңызды келісімді ратификациялады. Ол – Қазақстан мен Франция арасындағы Француз даму агенттігінің (ФДА) қызметі туралы келісім.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков хабарлап айтты.

«Бұл бізге не береді? Біріншіден, келісім Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы экономикалық және қаржылық әріптестікті нығайтады. Еліміздің түрлі стратегиялық салаларында жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, халықаралық деңгейде қолдау табуға септігін тигізеді.

Екіншіден, ФДА – энергетика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және «жасыл» көлік сияқты экономиканың маңызды салаларында серпінді жобаларды қаржыландыратын негізгі ұйым. Қазір Қазақстанда осы бағыттарды дамытуға ерекше мән берілуде.

Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында жаңа экономикалық саясат жариялаған болатын. Оны іске асыру, экономиканы еселей дамыту үшін ауқымды инвестиция, жаңа технологиялар керек.

Осы келісімді ратификациялау арқылы мемлекетімізге ұзақмерзімді жеңілдетілген несиелер мен гранттар бөлінеді. Сол арқылы маңызды инфрақұрылымдық және экологиялық жобаларды жүзеге асыра аламыз. Яғни, экономиканы тұрақты әрі қарқынды дамытуға қарай маңызды қадам жасап отырмыз», - дейді депутат Олжас Құспеков.

Айта кетейік, Француз даму агенттігінің негізі 1941 жылы қаланған. 1998 жылы агенттік Франция Үкіметінің саясатын қолдау мақсатымен қайта құрылды.

Бүгінгі таңда 115 елде жұмыс істейді. Агенттік дамушы елдерге 4000-нан астам жобаға инвестиция салды. Қаржыландыру көлемі сол елдердің әлеуетіне байланысты әр түрлі болады.  Бірақ ФДА жыл сайын дамушы елдерге жүздеген миллион еуро көлемінде қаржы бөліп келеді. Бұл – Қазақстан үшін жақсы мүмкіндік.

«Агенттіктің Қазақстандағы қызметі мемлекеттік жобаларды кепілдіксіз қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл да елдің қаржы секторын нығайтып, инвестициялық тартымдылығын арттыра түспек. Агенттік несиелерді 15 жылға дейінгі мерзімде және төмен пайыздық мөлшерлемелермен ұсынады. Ол да еліміздің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.

Бір сөзбен айтқанда, бұл келісім – Қазақстан үшін халықаралық деңгейде инвестиция тартудың тиімді құралы. Ең бастысы, елдің экономикалық дамуын жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік береді деп ойлаймын», - дейді Депутат.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1433
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3198
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5110