Жұма, 8 Қараша 2024
Билік 482 0 пікір 29 Қазан, 2024 сағат 21:37

Экономиканы әртараптандыру – Мәжіліс пен Үкіметтің ортақ міндеті – AMANAT

Суретті түсірген: Әли Ғалым

Бүгін Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиыны барысында депутаттар «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобаларын қарады. Заң жобалары Президент Жолдауында және оның сайлауалды бағдарламасында, сондай-ақ «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған басымдықтарды іске асыруды ескере отырып әзірленді.

Суретті түсірген: Әли Ғалым

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық тауар өндірісі мен экспортын ұлғайта отырып, экономиканы әртараптандыру, сондай-ақ орта бизнестің ел экономикасындағы үлесін 15%-ға дейін жеткізу міндетін қойғанын ерекше атап өтті. Адамдардың тұрмысын жақсартуға тікелей әсер ететін осы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мәселесі Үкіметтің тұрақты назарында болуға және бюджетті дайындау кезінде ескерілуге тиіс.

«Бүгін біз қарастырып отырған заң жобалары алдағы үш жылдағы ел дамуын айқындайды. Олар – Президенттің Жолдауында және оның сайлауалды бағдарламасында қойылған міндеттердің көрінісі. Сондай-ақ бұл құжаттарда «AMANAT» партиясы сайлаушыларға берген уәделерінің орындалуы да қамтылды. Осы бағдарламалық құжаттардың барлығы қаржылық тұрғыда толық қамтамасыз етілуге және ең жоғары деңгейде жүзеге асырылуға тиіс. Өз кезегінде депутаттар жауапты мемлекеттік органдармен бірге бюджет қаражатының тиімді және уақтылы игерілуін мұқият қадағалауы керек. Әр теңге экономиканы әртараптандыруға бағытталуы, азаматтардың игілігі үшін пайдаланылуы қажет», – деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар, Мәжіліс Спикері «Ауыл аманаты» және «Ауыл – ел бесігі» жобаларын қаржыландыруға қатысты проблемаларға назар аударды, сондай-ақ Президенттің Ұлттық қордан бөлінетін трансфертті азайту туралы тапсырмасын еске салды.

«Алдағы үш жылда Ұлттық қордан бөлінетін трансфертті төмендетудің алғышарттарын көре алмай отырмыз. Бұл – Үкіметтің бюджетті жүйелі жоспарлай алмауының көрінісі. Бюджет кірісін толықтыру резервін тиімсіз шығындарды оңтайландырудан және болашақ ұрпақтың қаражатын пайдалануды барынша азайтудан іздеу керек. Ең бастысы, Президент айтқандай, жаңа табыс көздерін іздеп, инвесторларды экономиканың түрлі саласына белсенді тарту қажет», – деді ол.

Суретті түсірген: Әли Ғалым

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жоспарлы кезеңде Ұлттық қордың таза валюталық активі болжам бойынша 2025 жылы 62,2 млрд АҚШ долларын және 2026-2027 жылдары 69,9 – 78,7 млрд АҚШ долларын құрайтынын атап өтті. Ал 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт мөлшері жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды.

Суретті түсірген: Әли Ғалым

Өз кезегінде, Қаржы министрі Мәди Такиев республикалық бюджетке түсетін түсімдер көлемі болжам бойынша 2025 жылы – 21,7 трлн теңгені, 2026 жылы – 19,4 трлн теңгені, 2027 жылы – 20,9 трлн теңгені құрайтынын жеткізді. Алдағы жылғы бюджет шығыны былтырғымен салыстырғанда 1,7 трлн теңгеге ұлғайта жоспарланып, 25,8 трлн теңгені құрап отыр. Бұл ретте, 2025 жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бағыттау жоспарлануда. Бұл –жалпы шығындар көлемінің 38%-ын құрайды.

Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Еркін Әбіл парламентшілер бюджет жобасымен жұмыс істеу барысында заң жобаларына 250-ге жуық түзету енгізгенін мәлімдеді. Атап айтқанда, өңірлерде бекітілген іс-шараларды іске асыру резервтерінің болуын ескере отырып, көптеген жергілікті жобалар бойынша қаржыландыру мәселесі қайта қаралды.

«Биыл өңірлер кіріс бойынша өз жоспарын 765 млрд теңгеге асыра орындады. Осылайша, олар жекелеген мәселелерді жергілікті бюджеттер есебінен дербес шеше алады. Бұл ретте, депутаттар Президент пен партиямыздың бағдарламаларын, атап айтқанда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы мен халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын іске асыру үшін қосымша 15 млрд теңгеден бөлуді ұсынды», – деді ол.

Суретті түсірген: Әли Ғалым

Сондай-ақ, Еркін Әбіл 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында шикізат бағасы мен әлемдік қаржы нарығындағы жағдай тым оптимистік тұрғыда көрініс тапқанын айтты. Атап айтқанда, базалық сценарийді іске асыру шаралары жалпыланған және декларативті сипатқа ие және даму бюджетімен байланыспайды.

Фракция жиынында Мәжіліс депутаттары Асхат Аймағамбетов, Ерлан Саиров, Татьяна Савельева, Нартай Сәрсенғалиев, Берік Бейсенғалиев және тағы басқалар сөз сөйледі. Халық қалаулылары Үкімет өкілдеріне бірқатар сұрақ қойып, толыққанды жауап алды.

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1132
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2350
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2360