Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Әдебиет 1399 0 пікір 30 Қазан, 2024 сағат 19:09

Руханият – білім бұлағы...

Суреттер Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасынан алынды.

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан- Кітапханашылар күні» болып бекітілгені аян. Осы мерекеге орай, кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру мақсатында 29-қазан күні  Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Д. Рақышев атындағы филормониясының ғимаратында «Кітапханашы-мәртебелі мамандық» тақырыбында  кітапханашылар күні мерекесі аталып  өтілді.

«Кітап-кітапхана-кітапханашы» тамыры бір бәйтеректен таралғандай бұл үш сөзде үлкен рухани мән жатыр. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтің өзі «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар - білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды», - деп кітапханаға баға берді.

Бұл игі шараға бүгінгі жаһандану дәуірінде оқырман мен қазыналы кітаптың алтын көпіріндей болып, руханият үшін теңізге тамған тамшыдай үлес қосып келе жатқан барша зиялы қауым, кітапханашылар бас қосты.

Салтанатты кештің алғашқы құттықтау сөзін алған Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов халық игілігі жолындағы ұлттық рухани құндылықтарды сақтап дәріптеуде және мәдениет пен түрлі салалық ақпараттарға қолжетімді ету мақсатында аянбай еңбек етіп жүрген кітапханашыларды құттықтап ізгі тілегін білдірді.

Мерекеде кітапхана ісінің дамуына қосқан зор үлесі мен жеке еңбек және шығармашалық үлестері үшін Алакөл аудандық кітапханасының кітапханашысы Сағатхан Дүйсенбаева ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Алакөл аудандық кітапханасының кітапханашысы Феруза Тохтасунова мен Панфилов аудандық кітапханасының әдіскері Бағлан Нурумоваға «Құрмет» грамотасы берілсе,«Алғыс» хатымен Ақсу аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Абдрахманова Бакытгулге табысталды.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жылдық жоспарға сәйкес әр түрлі байқау қортындысының номинация жеңімпаздары «Көшбасшы кітапхана-2024» Ақсу аудандық кітапханасы болса, «Үздік ардагер кітапханашы» Панфилов аудандық кітапхнасының кітапханашысы Кудайкулова Шикер, «Үздік жас кітапханашы» Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы Бекбатыр Мәлика,«Үздік балаларға арналған жоба» бойынша Талдықорған қалалық балалар кітапханасы, «Үздік жыл әдіскері» Панфилов аудандық кітапханасының әдіскері Илимахунова Кенжехан,«Үздік ІТ маманы» Көксу аудандық кітапханасының бағдарламашысы Караулов Мақсат, «Үздік библиограф» Ақсу аудандық кітапханасының библиографы Тұрсынқызы Гүлшат сахна төріне көтеріліп, ақшалай және арнайы статуэтка табысталды.

Жетісу облысы әкімінің мереке қарсаңында кітапхана ісінің дамуына қосқан зор үлесі мен жеке еңбек және шығармашалық үлестері үшін, көп жыл осы салада еңбек етіп жүрген Кербұлақ аудандық кітапханасы директордың орынбасары Мұйтунова Тұрсынкүлге, Жаркент қалалық кітапханасының кітапханашысы Кайракова Саулеге «Құрмет»грамотасы және Алакөл аудандық кітапханасының кітапханашы Нусипова Жадыраға және Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық кітапханасының меңгерушісі Усабаева Нұрқайратқа «Алғыс» хаты тапсырылды.

Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Кітапханашы бүгінде тек қана оқырманға кітап беріп қана қоймай, көптеген маңызды жұмыстарды атқаратындығын,кітап пен кітапхананы, ұлттық құндылықтар мен оқырман арасын жалғастырушы да кітапханашылар бүгінгі қоғамға ең қажет мамандық иесі болып табылатындығын айта келе Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Қуаныш Сұлтанұлы өз атынан «Құрмет» грамотасы» мен «Алғыс» хаттарымен 7 қызметкерді марапаттады.

Кітапханашы мамандар өздерінің күнделікті тыңғылықты еңбегімен шектеусіз ақпаратқа, әлемдік мәдениет пен ғылым құндылықтарына, адамзаттың даналығы мен біліміне кең қол жетімділікті қамтамасыз етеді, оқырмандарды таңғажайып мәдениет әлеміне жетелейді, білімге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеп, мәдени дәстүрлерді сақтауға және дамытуға үлес қосады. Сондықтан да, кітапханашы мамандар әрқашанда киелі орданың мәртебелі иесі болып қала бермек. Осындай мәртебелі мамандық иелері облыстық кітапхана қызметкері Ешенова Галия мен Мамбетова Бақытгуль ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің ардагері» мен «Кітапхана ісінің үздігі»төсбелгісін кеудесіне тақты.

Қазақстандық кітапханалық одағының «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісін, «Құрмет»грамотасы мен «Алғыс» хатын облыс, аудан, ауыл кітапханаларының кітапханашыларына табыстады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы атынан кәсіподақ ұйымының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Сәуле Құрмашқызы Ахмадиевада қоғамдық өмірде кәсіподақтың алатын роліне, кітапханашы, жұмысшы мамандықтардың маңыздылығына тоқтала келе «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Ақсу аудандық кітапханасының директордың орынбасары Сулейменова Шолпан мен Алакөл ауданы, Жайпақ ауылдық кітапхана кітапханашысы Бурганбаева Жанилханның кеудесіне тағылды.

Мерекелік шараға арнайы шақырылған мемлекет және қоғам қайраткері қаламгер Наурыз Қылышбаев ғылыми жәнe aғapтyшылық қызмeті жолында хaлықты мәдeни тәpбиeлeу, рухты ұрпақ өсіруге ықпал етіп, отанымыздың бай, әрі көрнекті мәдени құндылықтарын дамытудағы еселі еңбектері үшін шынайы алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Іс-шара соңы Данеш Рақышев атындағы филармония әншілерінің кітапханашы мамандарға арнайы мерекелік концертін ұсынды.

Көркем ой құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, руханият игілігі жолында ұлағатты іс тындырып келе жатқан кітапханашылардың еңбектеріне шығармашылық табыс, орасан зор еңбектеріңізге тамаша бастамалар тілейміз!

Бақытгүл Қасенова

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының кітапханашысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053