Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 3287 0 пікір 24 Қыркүйек, 2009 сағат 06:36

Қарағанды облысында жасырылған 127 қылмыс анықталды – прокуратура

Қарағанды. 24 қырқүйек. ҚазТАГ – Прокуратура Қарағанды облысында бірінші жарты жылдықта құқық қорғау органдары тіркеуден жасырып қалған 127 қылмысты анықтады, деп хабарлайды Қазақстан бас прокуратурасының (БП) баспасөз қызметі.

«Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің негізі азаматтардың мемлекеттік мекемелерге қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздарын қарау тәртібін реттейтін заңды сақтау болып табылатынын» еске сала отырып прокуратура 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында Қарағанды облысында тіркеуден бас тарту арқылы 12 қылмысты қылмыстық тергеуден жасыру (полицияның -ҚазТАГ) оқиғалары анықталғанын атап көрсетеді. Басқаша айтқанда, полицейлер арызданушылардан оларға қатысты жасалған қылмыстар туралы арыздарын қабылдаудан бас тартқан.

Тіркеуге алынбаған осындай қылмыстардың бірі «Степной-1» шағын ауданындағы №5 мектептің аумағында болған, онда екі азамат өтіп бара жатқан адамды соққыға жыққан. «Прокурорлық тексеруден кейін ұсталған фигуранттарға қатысты ҚР ҚК 257 б.2 б. «а» тармағы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, іс сотқа жолданды. Істі қарау нәтижесі бойынша, айыптылар қылмыстық жазаға тартылды», – деп атап көрсетті облыстық қадағалаушы орган.

Прокуратурадағылар заңға түсініктеме бере отырып, қылмыстық тергеудің әр органы түскен арызды қабылдап, ол бойынша шешім қабылдауға тиіс екенін атап көрсетеді. Бұл туралы Қазақстан бас прокурорының тиісті бұйрығында айтылған. Ол 2003 жылдың ақпан айында ҚР бүкіл аумағында қылмыстар туралы хабарларды, арыздарды және басқа ақпараттарды қараудың бірыңғай тәртібін бекітеді.

Қылмыстық істі қозғауға (ҚР ҚПК 177 бабы) азаматтардың арыздары, мойындап келу, мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының хабарламасы, қылмыстық іс қозғау өкілеттігі бар лауазымды тұлғаның немесе органның қылмыстар туралы мәліметтерді тікелей анықтауы және БАҚ-тағы ақпарат себеп бола алады. Осындай кез-келген ақпарат тәуліктің кез-келген уақытында тіркеуге, арызданушыға  арызды қабылдаған тұлғаның есімі, тіркеу және қарау уақыты  көрсетілген тіркеу құжатын (талон) беруге, тексеру жүргізуге және ҚР ҚПК 185 бабында қарастырылған процессуалдық шешімдердің бірін қабылдауға жатады, – делінген таратылған ақпаратта.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1519
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5902