Бейсенбі, 7 Қараша 2024
Жаңалықтар 401 1 пікір 6 Қараша, 2024 сағат 14:08

Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетті

Фото: Эрик Трамп

Дональд Трамп АҚШ президенттік сайлаудағы жеңісін жариялады. Ол өзін АҚШ-тың 47-ші президентімін деп атады. Бұл туралы ол жақтаушылар алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Бұл ретте дауыстарды санау әлі де жалғасуда.
«Бұл біздің еліміз әлі көрмеген саяси жеңіс», - деді ол.
Трамп өз сөзінде Аризона, Мичиган, Невада және Аляска сияқты кем дегенде үш сырғақты штатта жеңіске жеткенін айтты. Ол сондай-ақ Республикалық партия Сенатта көпшілік орын алғанын атап өтті.
"Біз еліміздің сауығуына көмектесеміз. Біздің елге көмек керек. Біз өзіміздің шекараларымызда қалыптасқан проблеманы шешеміз, қалған мәселелердің бас-жағын айырамыз... Америка бізге теңдессіз және қуатты мандат берді ", - деп мәлімдеді ол.
Дональд Трамптың Флоридадағы штаб-пәтерінде республикалық үміткердің жақтастары жеңісті тойлай бастады. Таяу арада Трамптың сөз сөйлеуі күтілуде, деп хабарлайды AP.
Дональд Трамп АҚШ президенттік сайлауында Пенсильвания штатында көпшілік дауысқа ие болды. Reuters деректері бойынша 95% дауысты санағаннан кейін, Трампта - 50,9%, Харристе - 48% дауыс болды. Осыған ұқсас деректерді CNN келтіреді.
Fox news мәліметтері бойынша, 90,58% дауыс санағаннан кейін Трамп 51,24%, Харрис 47,8% дауыс алғаны айқын болды. 94,58% санағаннан соң Fox news бұл көрсеткіштің Трампта 50,98%, Харристе 48,06% болғанын мәлім етті.
АҚШ өкілдер палатасының спикері қызметін атқарып отырған республикашы Майк Джонсон да Трампты елдің «сайланған президенті» деп атады. Американың көптеген жетекші телеарналарының болжамынша, Трамптың жеңіске жетуіне төрт дауыс жетпейді.
"Біз Американы құтқардық. Америка халқы президент Трамп пен сенатор Джей Ди Вэнс Ақ үйге аттанады деп шешті. Біз Америка халқы үшін жұмысқа кірісуге дайынбыз ", - деп жазды Джонсон X. әлеуметтік желісінде.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1097
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1975
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 1955