Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Қылмыс 630 0 пікір 7 Қараша, 2024 сағат 14:54

Жастар есірткі қылмысына бармауы үшін профилактикалық жұмысты күшейту керек

Фото: Нұрсерік Шәріповтың Facebook парақшасынан

Жастар есірткі жасыру қылмысына жаза күшейтілгенін білсе де, осы заңсыз әрекетке барып жатыр. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының судьясы, Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов айтты.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін есірткі жасырумен айналысып жүрген жастарға қатысты шығарылып жатқан үкімдер бойынша сұрақ қойды. «Қазір 18 жастағы жастар 10 жылдан астам мерзімге сотталып жатыр. Бұл жаза тым қатал емес пе?», - деп сұрады тілшілер.

Өз кезегінде Н.Шәріпов көбіне осы қылмыс үшін жастар істі болып жатқанын растады.

«Бұл қылмыс бойынша жауапкершілік күшейтілген. Осы есірткі жасырушылар басқа адамдарды улап, емделмейтін есірткі түрлеріне тәуелді еткенін, Қазақстанның болашағына нұқсан келтіріп жатқанын назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл тұрғыда жастар есірткі тарату мен жасыру қылмысына бармауы үшін профилактикалық жұмысты күшейту керек ойлаймын. Атап айтқанда, осы қылмыстардың барлығы қасақана жасалған әрекет деп саналады. Адамдар есірткі жасыру қылмысына жаза күшейтілгенін біле тұра, барып жатыр... Осы жағдай адамның өзіне байланысты, яғни біліміне, құқықтық санасына, заңды мойындауына қатысты. Жастар үшін ақша табудың жолдары баршылық, еңбек биржасына жүгінуге болады», - деді Жоғарғы сот судьясы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2059