Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 3513 2 пікір 11 Қараша, 2024 сағат 11:55

Ұлық ұлыстағы өркениет...

Коллаж mysty-onir.kz сайтынан алынды.

    ...Настоящее историческое название этого великого евразийского государства – Ұлық Ұлыс, Улуг Улус (Великий Улус). Именно так оно именуется во всех тюркских письменных источниках – как собственно ордынских, так и внешних. Я полностью согласен с мнением тех специалистов, которые считают, что  предпочтительно использовать именно это название – Улуг Улус (Великий Улус или Великое Государство). 

Трепавлов  Вадим Винцерович

«Золотая Орда в XIV столетии»

Өз уақытында әлемнің екі құрлығын емін-еркін билеп-төстеген, кезіндегі Ұлы дала қыпшақтарының алып қағанатының, басқа да ұлттардың осы тектес құрған бірлестіктерінен оның өзгешелігі, ауыз толтырып айтарлық артықшылығы қандай, оны төрткіл дүние ғалымдары мен жылнамашылары және саяхатшылары қалай бағалаған, әрі осы ұлы империя туралы олардың кезінде жазған ой-пікірлеріне көңіл аударып, зер салып қарайық.

Жоғарыда аты-жөні аталған осы ғалымның ғылыми жазбасында тағы мынандай жолдарды оқуға болады: «Если же серьезно, ключевым формативным периодом в истории казахского этноса была именно эпоха Золотой Орды. Именно Золотая Орда является промежуточным скрепляющим звеном между историей Казахского ханства и более древними пластами  истории – кипчакским, древнетюркским, хуннским…».

Заманында, жарты ғаламға үстемдігін жүргізген Алтын Орда қағанатының салдырған қалалары мен осы мемлекеттің білім, ғылымға және жоғары мәдениетке деген айырықша ұмтылысына, таңдай қақтырар зергерлік шеберліктеріне, айтарлықтай үлкен мән беріп, шынайы қайран қалып және сол адамдардың осыған орай, өздерінің ой-пікірлерін ғылыми еңбектерінде  жазып қалдырған екен.

Алдымен дініміз мұсылман болған соң, араб елінің өкілінен бастайық. Ғылымға кеңінен танымал белгілі саяхатшы Ибн-Баттута өзінің жазбасында Берке ханның ордасында болып, оның тіктірген киіз үйінің ішін былай сипаттапты: «В пятницу, после молитвы, он садится в шатер, называемой золотой юртой, разукрашенной и диковинной. Он из деревянных прутьев, обтянутых золотыми листками. Посредине его деревянный престол, обложенный серебрянными позолоченными листками; ножки его из чистого серебра, а верх его усыпан драгоценными камнями».

Осыған қарап, Алтын Орда хандарының әдемілікке айтарлықтай құмар, безендіруге ерекше көңіл бөлетінін және сол бір кездің өзінде-ақ көшпелі елде заман талабына сай өркениетті мәдениеттің болғанын ап-анық аңғаруға болады. Және сол уақыттың өзінде Алтын Орда әдемі де ғажайып қалаларымен, өзгелерге үлгі-өнеге боларлықтай айтулы, сымбатты сарайларымен, түп-түзу әрі кең көшелерімен ерекшеленген және қызықтырған. Ибн-Баттута жазбасының тағы бір жерінде: «Город Сарайшик, один из красивейших городов, достигший чрезвычайной величины, на ровной земле, переполненный людьми, красивыми базарами и широкими улицами. Однажды мы поехали верхом с одним из старейшин  его, намереваясь объехать его кругом и узнать объем  его. Жили мы в одном конце его и выехали оттуда утром, а доехали до другого конца его только после полудня… и все сплошной ряд домов, где нет ни пустопорожних мест, ни садов».

Осы жазбаға үңіле отырып кезіндегі Алтын Орда хандарының және оның тұрғындарының өздеріне ынғайлы етіп көрікті де көркем қалалар тұрғыза алғанын, сондай-ақ тіршілігі қайнаған шулы да думанды шаһарларда тұра алатынын білгендейміз. Ұлы қағанатта осындай саудасы қызған, қолөнері дамыған жүздеген қалалар орын тепкен. Осы автордың жылнамасында тағы мынадай жолдар кездеседі: «Ордынские ханы вывозили из Средней Азии, Ирана, Египта а также Византии ученых, астрономов, богословов и поэтов». Осыған қарап біздің ата-бабаларымыздың ешқандай да жабайы «варвар» емесін, қайта мәдениетке, ғылымға және өнерге әр уақытта жақын әрі таным-дүниесінің кең, ой-өрісінің терең екенін ұққандаймыз.

Ұлы дала қыпшақтары құрған осы империяда, әлемдегі ең алғашқы салық төлеу заңы қалыптасқан. Қағанат құжаттарында, нақтырақ айтсақ жарлықтарында, мынадай жазылған сөздерді кездестіреміз: «Отныне и впредь венецианские купцы, приезжающие к нам на кораблях и совершающие торговые сделки в наших городах, пусть платят в нашу казну торговый налог вразмере трех процентов; если купля-продажа не производится, пусть никто не требует с них торгового налога. Также у нас в старые времена  не брали торговый налог с торговли драгоценными камнями, жемчугом, золотом, серебром, золотой канителью; и ныне пусть не берут». Бұл жарлықтың мән-мағынасынан ұққанымыз, сол уақыттарда қыпшақтардың қаншалықты өркениетке жақындығын және қазіргі демократияның алғашқы қадамы да осы империядан бастау алғанын аңғарғандаймыз.

Мен, қаншама жыл ерте және орта ғасыр әдебиеті мен жазбаларын, құжаттарын оқып, зерттеп қараған кездерімде, қазіргі заманның талаптарына сәйкес келетін, сол кездердегі түрлі құрылым бірлестіктерден мұндай өзгешеліктерді кездестірген емеспін. Тіпті, төрт ғасырлық Рим империясы мен Кәрі құрлықтың (Еуропа) Ордендерінде де мынандай көрегендікті, зиялылықты байқамадым.

Осыларды мысал ретінде келтіре отырып, тағы бір мақтанышпен айтарымыз, жердің күнді айналатынын сол Алтын Орда хандары мен бектері, тіпті тұрғындары да ерте кезден білген екен. Мысал ретінде келтіре кетейік: осы даңқты қағанаттың сарай ақыны Сарықұл-Сарайдың  (1321-96) өлең жолдарында мынадай тармақтар кездеседі: «Узнала любви притяженье душа, Землей вокруг Солнца круженье верша».  Ұққанымыз, сол кездің өзінде-ақ ата-бабаларымыздың жердің күнді айналатынын әлдеқашан білгенін түсінеміз және олар үшін бұл ешқандай жаңалық болмаған. Коперник болса осыдан  бір жарым ғасырдан кейін ғана жердің күнді  айналатынын ашқан болатын.

Сонымен қатар, аты аталған Ұлық ұлыста әйел затына зор құрметпен қарап, олардың алатын орны ерекше ескеріліп әрі олардың мәртебесі жоғары  болғанын көреміз. Бұған нақты дәлелді, әлемнің әр түкпірінен келіп, осы алып мемлекетте біраз уақыт тұрған және болып кеткен өзге елдің атақты саяхатшылары мен жылнамашыларының жазып қалдырған еңбектерінен көруге болады. Мысалы, атақты Плано Карпини былай деп жазыпты: «Девушки и женщины ездят верхом и несутся вскачь так ловко, как и мужчины. Мы даже видели, как они неслись со стрелами и колчаном… Женщины выполняют все работы: шьют шубы, одежду, обувьи все, что делается из кожи; они ведут телеги, чинят их, нагружают верблюдов и делают все быстро и ловко».

Тағы бір итальяндық Рикольди дель Монтекроче (1291ж.) өзінің жазбасында: «Кипчаки относятся с большим уважением ко всем женщинам в мире, но особенно к своим. Именно женщины занимаются  общественными и домашними делами, они же покупают и продают. Женщины горды и воинственны. Они ездят верхом, как мужчины, и я их видел часто  въезжающими в города, как мужчины, с луком и стрелами. Они очень верны своим мужьям», – деп келтірген екен.

Сондай-ақ, ордада біраз уақыт болған араб ғалымы Ибн-Баттутаның жұмыстарында мынадай жолдар бар: «Я был свидетелем в этой стране одной удивительной вещи – уважения, которым пользуются женщины: они имеют действительно более высокий ранг, чем ранг, занимаемый мужчинами…. Часто жену сопровождает ее муж, которого многие принимают за одного из ее слуг». 

Осы жолдарды оқи  отырып кезіндегі қыпшақтардың отбасында және олар құрған қағанат-хандықтарын да, әйел баласының қандай сыйласымдыққа, үлкен құрметке ие екенін анық байқаймыз.

Біздің тағы бір ерекше қайран қалғанымыз,сол бір уақыттың өзінде-ақ Алтын Орда тұрғындары от жағу кезінде қазіргі біздің көмірді қолданған екен. Әйгілі Марко Полоның кітабын оқып отырып мынадай  жолдарды кездестірдік: «Правда, что вовсей провинции Золотой Орды есть способ применения черных камней: эти камни добывают в горах, и они горят, испуская пламя, как поленья: они сгорают полностью, как древесный уголь. Они долго горят, и готовить на них легче, чем на древесине… потому что они  лучше и стоят меньше, чем древесина, которую таким образом экономят». 

Көрдіңіз бе, сол кездегі қыпшақ елі көмірдің отын екенін біліп және оны іздеп тауып, тұрмыс-тіршілігіне күнделікті пайдаланған. Осы жазылған нақты деректерге қарап, бұдан мың жылға таяу кезеңдердің өзінде де  Ұлы даланың ел-жұрты Кәрі құрлық (Еуропа) мақтанатын өркениеттен құр алақан емесін көреміз.

Д.Уэзерфордтың «Чингис-хани рождение современного мира» деген кітабында Алтын Орда жайында мынадай жолдарды кездестірдік: «В Золотой Орде, кстати, никаких монголов нет. Нет, хоть ты тресни. Куда ни глянь – повсюду кипчаки, кипчаки и еще  раз кипчаки. »

Осы кітаптан біз үшін қайран қаларлық тағы бір тармақтарды оқуға болады:  «Чингис-хан» и «Темуджин» – совершенно не монгольские имена, а тюрко-кипчакские. Народные казахские и киргизские эпосы (Мына ғалым-жазушы, қазақ, қырғыз эпостарында зерделей оқып, зерттеп, қарап шыққан секілді) «Алпамыс батыр», «Кобланды батыр», «Ер Таргын», а так же  «Манас»  и другие, что называется… в упор не видят никакой такой «великой монгольской империи». Согласно этим эпосам, у средневековых кипчаков было только два серьезных противника, с которыми они постоянно боролись: это китайцы и кочевые племена калмыков, как раз и обитавших тогда в районе современной Монголии. Нынешние  монголы  - это лесные населения (буряты – манжуры),   появившиеся на этой земле только несколько веков спустя», – дейді. Көрдіңіз бе, олар анық-қанығын зерттеп қалай жазған!

Ал біздің ой-түсінігімізді ескі кеңес жүйесі қалыптастырды. Содан біразымыз әлі арыла алмай келеміз. Әлем жазушылары мен ғалымдарының ғылыми еңбектері мен шығармаларын оқи отырып нақты түсінгеніміз, Ұлы Шыңғыс ханның ешқандай қазіргі моңғол атанған бурят-манжур емес, ол түркі – моғол, яғни Ұлы даланы мекендеген қыпшақтардан шыққанын білеміз.

Қазақы сөзбен айтқанда, қазіргі моңғолға «үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын» түсінеміз. Сонымен қатар, кезіндегі Ұлық ұлыс саналған - Алтын Орда империясының  өз аумағын әрдайым кеңейтумен қоса, заман көшінен қалмай, ғылым мен білімді және өнер мен мәдениетті тең алып жүргенін анық байқағандаймыз.

Бейсенғазы Ұлықбек

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052