«Алашорда ісі»: 12 томдық жарық көреді
Алдағы уақытта «Алашорда ісі» деп аталатын 12 томдық жарық көреді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
«12 томда жарияланатын материалдардың көбісін алаштанушы ғалымдардың өздері әлі көрмеген. Бұл – үлкен ғылыми жаңалық. Қазірдің өзінде сол 12 томның 8 томы баспадан шықты. Қалған 4 томы басылуда. Мұнда Алашорда қайраткерлеріне арналған материалдар мен істердің барлығы алғаш рет жарияланады, ғылыми айналымға алғаш рет енгізілгелі отыр.
Бұл 12 том алдағы бірнеше онжылдықтарға ғалымдарға біраз азық болатын материалдар. Осының негізінде талай диссертациялар, зерттеулер, кітаптар жазылып, фильмдер түсірілетін болады», – деді Мемлекеттік кеңесші.
Бұл жинақ алдымен ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарына жіберіледі.
Abai.kz