Сейсенбі, 19 Қараша 2024
Жөн-ақ 89 0 пікір 19 Қараша, 2024 сағат 17:30

Грузияға арнайы миссия жіберіледі

Фото: caspianlife.kz

Еуроодақ Грузияға сайлаудан кейінгі жағдайды зерттеу үшін арнайы миссия жібереді, деп мәлімдеді ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Брюссельде қоғамдастықтың 27 елінің сыртқы істер министрлері отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында.

Бұл туралы «Новости-Грузия» порталы жазады.
«Біз Грузияға не болғанын зерттеу үшін миссия жібереміз», - деді ол.
Боррелдің айтуынша, «Еуропалық одақтың есігі Грузия үшін ашық күйінде қалады, бірақ Грузия үкіметінің заң үстемдігі мен негізгі қағидаттарды сақтауға қатысты бағыты, соның ішінде Грузиядағы сайлау қалай өткені елді Еуропалық одаққа кірігу жолынан алып кетеді».
Еуродипломатия басшысы Грузия үкіметіне арналған қаржыландыру енді грузиялық азаматтық қоғам ұйымдарына бөлінетінін растады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1342
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3118
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 4618