Жұма, 22 Қараша 2024
Қылмыс 111 0 пікір 22 Қараша, 2024 сағат 16:39

ІІМ: Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 200-ге жуық қылмыс тіркелді

Фото: kaztag.kz

2024 жылдың басынан бері Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді, деп хабарлады елордада адам саудасына қарсы іс-қимыл тақырыбына арған жиында ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Шынар Көшербаева мәлім етті.

«Жылдың басынан бері адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 116-бап бойынша 22 іс, адам ұрлау – бір іс, заңсыз бас бостандығынан айыру – 4 іс, адам саудасы – 17 іс , кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту – 15 іс, кәмелетке толмағандарды саудалау – 6 іс, адамдарды жезөкшелікке мәжбүрлеу – 13 іс, жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысуға притондар ұйымдастыру – 119 іс», - деді Көшербаева жұма күні.

2024 жылы 10 айдың ішінде, адам саудасымен айналысқан 109 адам сотталды.

«Қазақстан осы қылмыстарға жол бермеу бағытында айтарлықтай күш салып жатыр. Алайда адам саудасы қылмыстары әлі де таралып жатыр»,- деді ведомство өкілі.

«Іс жүзінде секс құлдыққа және мәжбүрлеп жұмысқа салу, нәрестелерді саудалау, адам ағзасын сату, қайыр тілеуге мәжбүрлеу сияқты қылмыстарды анықтап жатамыз», - деді Көшербаева.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303