Жексенбі, 4 Мамыр 2025
Айбын 1037 1 пікір 25 Қараша, 2024 сағат 15:29

Запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтынан алынды.

Келер жылы  еліміздегі 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады.

2025 жылы барлығы 915 запастағы офицерлер шақырылады, олардың 700 – і Қарулы Күштерге, 80 – і Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 131 – і Ішкі істер министрлігінің ұлттық гвардиясына және төртеуі Төтенше жағдайлар министрлігіне шақырылады.

"2025 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер осы қаулының қосымшасына сәйкес санымен офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін,  жиырма төрт ай мерзімге шақырылсын", –  делінген Үкімет қаулысында.

Министрлер Кабинетінің 20 қарашадағы қаулысы Қазақстанның Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде жарияланды және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 869
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 991
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 957