Жұма, 6 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 366 1 пікір 27 Қараша, 2024 сағат 18:19

Заң факультеті - заң саласының үздіктерін дайындауда көшбасшы

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті – Қазақстандағы ең танымал әрі беделді білім ордаларының бірі. Оның қалыптасуы мен дамуы отандық құқық саласының тарихымен тығыз байланысты.

Бұл факультет еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіруге зор үлес қосып келе жатқан білікті мамандарды даярлайтын орталық болып саналады. Факультеттің түлектері арасында мемлекеттік қайраткерлер, сот жүйесінің беделді өкілдері, заңгер-ғалымдар, адвокаттар мен прокурорлар бар. Олардың жетістіктері факультеттің беделін одан әрі арттырып, жас ұрпаққа үлгі болуда. Білім беру бағдарламалары заманауи талаптарға сай жасақталған. Студенттер теориялық біліммен қатар тәжірибелік дағдыларды да меңгереді. Факультет заманауи құқықтық мәселелерді шешуге бағытталған зерттеулермен айналысып, студенттерге ғылыми ізденістер жасауға мүмкіндік береді. Заң факультетінде жоғары білікті оқытушылар, оның ішінде профессорлар, заң ғылымдарының докторлары мен кандидаттары дәріс береді. Сондай-ақ, студенттерді тәжірибеден өткізу үшін соттарда, прокуратура органдарында, адвокаттық кеңселер мен мемлекеттік мекемелерде оқу тәжірибелері ұйымдастырылады. Халықаралық ынтымақтастық аясында студенттер мен оқытушылар алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерімен байланыс орнатып, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысады. Факультетте ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлкен мән беріледі. Әсіресе, құқықтық реформалар, адам құқықтарын қорғау, экологиялық құқық және халықаралық құқық салаларында көптеген маңызды зерттеулер жүргізілуде. Студенттер де ғылыми конференциялар мен байқауларға белсене қатысып, заң ғылымына өз үлестерін қосуда. ҚазҰУ заң факультетінің түлектері елдің заң саласының әртүрлі деңгейлерінде табысты жұмыс істеп келеді. Олар:

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары;
  • Прокуратура және адвокатура өкілдері;
  • Мемлекеттік басқару органдарының басшылары;
  • Халықаралық ұйымдардың құқықтық кеңесшілері.

Заң факультеті жыл сайын мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері жөнінде халықаралық және республикалық конференциялардың, сонымен қатар Қазақстан Республикасы студенттері арасында құқық пәндерінен өткізілетін әртүрлі олимпиадалардың тұрақты ұйымдастырушысы болып келеді. Факультетте ғылыми оқу-әдістемелік әдебиеттің бай қоры жинақталған. Сондай-ақ, мұрағат материалдары жинақталған көне кітапханасы да бар. Заңгер мамандығын таңдап қана қоймай оны бар жан-тәніңмен қызығып ізденіп, жұмыс жасау әр түлектің Отан алдындағы парызы деп  білемін. Себебі,заң саласы адам өмірінің кепілі іспеттес. Шынайы және әділетті шешімдер қабылдауға,тәртіп орнатуға,адам өмірінің қауіпсіздігіне тікелей жауапты шәкірттерімізге қоғам алдында артылар міндетте мол.

Нурбакытова Ж.Н.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушы 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1436