Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2496 0 пікір 28 Қараша, 2024 сағат 16:21

Доллар шарықтап барады

Сурет: ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Бір күн ішінде теңге 2,4%-ға әлсіреді. Ұлттық банк қазір қор биржасында доллар 518-519 теңге аралығында сатылып жатқанын атап өтті.

28 қарашадағы жағдай бойынша теңгенің орташа сараланған бағамы бір долларға 512,58 теңгені құрады.

«Сыртқы және ішкі факторлар айырбас бағамына теріс әсер етеді», - деді макрорегулятор.

Оған себеп геосаяси жағдайдың шиеленісуі және шикізат бағасының ауытқуы. Ресей рублінің әлсіреуі.  Қазақстанда шетел валютасына сұраныс артты.

Құбылмалылықты реттеу және нарықты валютамен қанықтыру үшін Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізе бастады. Сонымен қатар Ұлттық банк ешқандай валюта бағамының үрдісіне кедергі жасамайтынын еске салды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1343
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2919
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930