Жұма, 16 Мамыр 2025
Жаңалықтар 1592 3 пікір 13 Желтоқсан, 2024 сағат 12:13

Шерзат Полат ісі: Тергеу қашан аяқталады?

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

Алматы облысының прокуратурасы Ш. Полатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін хабарлады. 

Ведомстводан мәлім еткендей, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдікті ұсталды.

– Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі. Сонымен қатар К. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Гаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз, - деп атап өтті прокуратурадан.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2672
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4366