Қазақты кітап оқудан қашыру қашан тоқтайды?
Бұқаралық мәдениет пен элиталық мәдениеттің ара жігін айырып алайық!
Сауатты қазақтың бәрі кітап оқиды. Бұл орайда «Қандай кітап?! Қалай оқиды!?» деген заңды сауал туады. Қазақтың 99 пайызы аударма кітаптарды ана тілінде оқығысы келеді. Бірақ KAZ NET тізгіні таза славяндардың қолында.
Қазақ тілді мәдени орта ұлттық қаламгерлердің кітабын шығару және ана тілімізге әлемдік классиктерді аудару жолына түсіп, таза бұқаралық әдеби ортаны естен шығарып алып, «Ойбай, қазақ кітабы оқылмайды», - деп қара аспанды төндіреді. Иә, қазір кітапты оқу бар, анимелеп (кәртөндап) көру бар, тыңдармандық есту бар. Осы соңғы екеуі кемшін түсіп жатыр.
Кітап оқуды оның анимесін көру мен аудио кітабын тыңдау дәстүрі алмастырды. Және жыныстық һәм жас ерекшелігі бойынша оқырмандар бір-бірінен алшақтап кетті. Әйелдер романы, еркектер кітабы һәм балалар мен жасөспірімдердің аниме мен мангалық кітап оқу үрдісі дәстүрге енді. Бірақ осының бәрін орыс тіліндегі контент атқарып отыр.
Қазақша контент жоққа тән. Тек құр сұхбаттар мен ұлтқа белгілі адамдар өмірі қазақи контент деп табылатын жалған түсінік орнықты.
Қазақ тілді әйелдер романы, еркектер кітабы һәм балалар мен жасөспірімдердің раномбэлік (Жапон, (яп. ライトノベル Райто нобэру, қысаша. ラノベ [ранобэ] или ライノベ [райнобэ]) - әртүрлі жанрдағы танымал жапон әдебиетінің бір түрі, ол көбінесе фэнтези сюжетімен, диалог көптігімен, аниме мен манга стиліндегі иллюстрациялармен ерекшеленеді және негізінен жасөспірімдер әдебиетіне бағытталған және жасөспірімдер аудиториясын қамтиды), аниме мен мангалық кітап оқу үрдісі дәстүрге енбесе, орыс тілінің жетегінде осы кеткеніміз кеткен.
Аниме мен мангадағы Деренің барлық түрлері
Егер сіз аниме, манга, жапондық визуалды новеллалар немесе ойындарға қызығушылық танытсаңыз, онда деренің әртүрлі архетиптеріне тап болуыңыз мүмкін. Жапон тілінде «дере-дере» сөзі кейіпкердің ғашықтығын білдіреді және дере-кейіпкерлердің әр түрінің атаулары үшін басты мән құраушы болып табылады. Әрбір архетипке өзінің сүйіктісіне деген сүйіспеншілігінің көрінісі тән болып келеді.
Төменде 27 дере архетипін көріп отырсыздар.
Цундере
Яндере
Дередере
Химедере (әйел) және Оджидере (еркек)
Бакадере
Дандере
Куудере
Няндере
Дородере
Йоттадере
Садодере
Дарудере
Оджодере
Китикудере
Хиякасудере
Камидере
Шундере
Бодере
Маядере
Утсудере
Хинедере
Ундере
Хаджидере
Канедере
Мегадере
Бёкидере
Кеккондере
Бізге аудармашылардың басын біріктіретін раномбэлік, манга мен анимелік сайттар керек. Осы бағытта біздің Құнанбай қажы атындағы «Алаш аудармашылар одағы» мәдени күресіп жүрген жайы бар.
Бір кездері КСРО «Барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер!» деп жар салған еді. Біз «Барлық Алаш аудармашылары бірігіңдер!» деп сауын айтқымыз келеді.
Өйткені, бұқаралық әдебиетті қалыптастыруда аудармашылардың бір орталыққа біріккені ләзім!
Ерік Қайратбекұлы,
Құнанбай қажы атындағы «Алаш аудармашылар одағы» ҚҚ төрағасы
Abai.kz