Кәрім Мәсімов қазір қайда? ҰҚК жауап берді...
Ұлттық әлеуметтік желідегі жұрттың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасының тағдырына бір айналып соқпаса, көңілі көншімейді десек артық айтпаймыз.
Отандық БАҚ бұл мәселені болары болып бояуы сіңген оқиғалар тізбегіне жатқызады. Жалпы БАҚ мен әлеуметтік желілер арасында айырма бар екенін ұғынуға тиіспіз. «Кәрім Мәсімов қазір қайда?» деген «CentralMediaNews» редакциясының ресми сұрауына тағы бір мәрте ҰҚК жауап беріпті.
Естеріңізде болса, 2022 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті «мемлекетке опасыздық жасау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оған қатысты екі сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Әзірше Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасына ҚР ҚК 218-баптың 3-тармағы, 3-бөлігі бойынша: «Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру»; 4-бөлім, 366-бап: «Аса ірі мөлшерде пара алу» бойынша айып тағылып отыр.
Abai.kz