Сенбі, 19 Сәуір 2025
Алаң 1404 2 пікір 20 Желтоқсан, 2024 сағат 16:57

БАҚ: Думан Мұхаммедкәрімді этаппен Қызылордаға әкетті

Сурет: azattyq.org сайтынан алынды.

Думан Мұхаммедкәрімді этаппен Қызылордаға әкетті. Бұл туралы Думанның қорғаушысы мәлімдеді.

Кеше Думан Мұхаммедкәрімді этаппен Қызылордаға әкетіпті. Қай жерге екені әзірге, белгісіз”, - деді адвокат Ғалым Нұрпейісов Азаттық тілшісіне.

Бұған дейін өзін Алматы облысындағы түрмеге ауыстыруды талап етіп, аштық жариялаған журналист адвокаттың сөзінше, 7 желтоқсанда аштықты тоқтатқан.

Адвокаттың айтуынша, Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы нашар.

Оның денсаулығы нашар. Өйткені бүйрегі қатты ауырады. Ол отыра алмайды, не тұрады немесе жатады. Біз медициналық көмек көрсету туралы талай өтініш жасағанбыз”, - деді Ғалым Нұрпейісов.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2033
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4889
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4086