Ресей посткеңестік елдердегі ықпалын жоғалтуда!
Жуырда «The New York Times» басылымы: «Ресей бұрынғы кеңестік елдердегіықпалынан айырылуда», - деп сараптамалық мақала жариялады.
Аталған басылым: «Ресей посткеңестік елдердегі ықпалын жоғалтуда. Әзербайжанмен қақтығыс осының басын ашып берді», - деп жазады.
Әрі қарай: «Әзербайжан президенті Әлиевтің атып түсірілген әзербайжан ұшағы үшін жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан Ресейді тағы да айыптады. Бұл бұрынғы КСРО елдеріне Ресей ықпалының жоғалғанын көрсетіп, Кремльмен арадағы қарсылықты күшейте түскенін білдіреді», - деп жазады.
Әлиев: «Ұшақты Ресей атып түсірді», - деп әзербайжан тілінде емес, орыс тілінде, яғни Ресей тілінде сөйледі. Әлиев жуырда: «Ұшақ апатына кінәлілер жазалануы тиіс! Бұл апаттан Әзербайжан азаматтарының қаза болуына Ресей Федерациясының өкілдері кінәлі деп сеніммен айта аламын. Біз әділдікті талап етеміз, кінәлілердің жазалануын талап етеміз, толық ашықтық пен адами мінез-құлықты талап етеміз», - деді.
Ал «The New York Times» басылымы: «Ресей бұрынғы КСРО-ның әр түкпіріндегі өз ықпалын жоғалтқан. Армения ендігі жерде Ресейді өз қауіпсіздігінің кепілі деп санамай, Батыс пен Ираннан қолдау сұрап отыр. Орталық Азияда Қытай күш алып келеді, себебі осы аймақтағы бұрынғы кеңестік республикалар Ресейді әлсіреген және Украинадағы соғысқа бейілі ауған деп есептейді. Ал өткен аптада ғана оккупацияланған Приднестровьеде тағы бір жарықшақ пайда болды. Ресейден газ жеткізудің тоқтатылуы Ресейдің өңірдегі өзінің тас қамалын сақтап қалу қабілетіне күмән келтірді. Өз кезегінде, Әлиев қазба отынды сатудан табыс тауып, Арменияны жеңгеннен кейін өзіне деген сенімділігін арттыра отырып, ұшақ апатының салдарын Путинге тәуелділіктен арылу үшін пайдаланады», - деп жазады.
Сіз не дейсіз?
Abai.kz