Дүйсенбі, 13 Қаңтар 2025
46 - сөз 345 2 пікір 13 Қаңтар, 2025 сағат 14:08

Тұтқындағы КХДР әскері: Бізді жаттығуға әкелген...

Сурет: unian.net

Украина Ресейге көмекке барған Солтүстік Корей сарбаздарының екеуі тұтқынға түскенін мәлімдеді. Тіпті, тұтқындағы сарбаздардың суреттері мен деректерін де жария етті.

Президент Зеленский: "Украина қарулы күштері КХДР әскери қызметкерлерін тұтқынға алды. Солтүстік Корейдің 2 сарбазы 9 қаңтар күні тұтқынға түсті, - деді.

Украина СІМ басшысы Сибига: "Солтүстік Корейлік алғашқы әскери тұтқындар қазір Киевте. Олар жалдамалы әскер емес, ҚХДР-ның тұрақты армиясы", - деді.

Тұтқындар туралы не белгілі?

Бірінші: Олар не украин, не орыс, не ағылшын тілдерінде сөйлемейді. Тұтқындардың біреуінде өзге бір сарбаздың атына берілген Ресейдің әскери билеті болған. Екіншісінде ешқандай құжат болмаған.

Екінші: Тұтқынға түскен КХДР сарбазының біреуі: «Біз Украинамен соғысуға емес, оқу-жаттығуға келгенбіз», - деп айтқан. Екіншісі осы сөзді растап сөйлеген.

Үшінші: Тұтқын екеудің бірі – 2005 жылғы. КХДР армиясында 2021 жылдан бері қызмет өтеп келген. Атқыш. Екінші тұтқын – 1999 жылғы. КХДР армиясында 2016 жылдан бері қызмет етіп келген. Барлаушы-снайпер.

КХДР әскерін тірідей тұтқындау қиын шаруа. Олар тұтқынға берілуден бас тартып, өзіне қол жұмсайды немесе Ресей әскері оларды дронмен жоюға тырысады. Ресей КХДР әскерін әдетте Ресейдің ішіндегі саха, тыва секілді ұлттарға тіркеп, солардың атын береді.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

2 пікір