Жұма, 21 Ақпан 2025
Әне, көрдің бе? 1948 4 пікір 14 Қаңтар, 2025 сағат 18:38

Ресей үшін, шетел үшін соғысқандар - ОА-да сотталады!

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Жезқазған тұрғыны «Вагнер» ЖӘК құрамында шетелде соғыс қимылдарына қатысқаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жыл алты 6 бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ұлытау сотының баспасөз қызметі.

«Сот үкімімен «Г» Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 172-бабы (Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу) бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасы қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеледі», - делінген хабарламада.

Тергеу анықтағандай, сотталушы 2022 жылдың күзінде Жезқазғанда Украинаға қарсы соғыс  туралы ақпаратты интернет арқылы алып, Ресейге кетуді жоспарлаған. Ресей үшін соғысуға басты себеп – идеологиялық нанымдар болған. Сотталушының марқұм әкесі Харьков тумасы болған. Сотталушы «Украина билігі орыс ұлтының құқықтарын бұзуда» деп сенеді.

2022 жылдың қараша айында ол Жезқазғаннан Петропавлға барған. Ол жерден Қазақстан шекарасын «Қорған» бақылау-өткізу бекеті арқылы кесіп өткен. Содан кейін Краснодар өлкесіндегі «Вагнер» ЖӘК-тің оқу-жаттығу жиынына келіп, келісім-шартқа қол қойған. Соған сәйкес айына 240 мың ресей рублі мөлшерінде төлемге кепілдік берілген. Келісімшартта егер ол қайтыс болған жағдайда 5 миллион рубль өтемақы төлеу де қарастырылған, ақша оның досына аударылуы керек болған.

Сонан соң: Сотталушы артиллериялық қару-жарақ қоймасының меңгерушісі болып тағайындалған. 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың шілдесіне дейін қызметтік міндеттерін атқарып келген. Ол кезекшілік пунктінен шығып, әуе көлігімен Қазақстанға оралғанға дейін қызметте болған.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

Тақырыпқа тұздық: Қазақстандықтардың соғыс қимылдарына қатысу үшін шетелге шығуы заң бойынша жазаланады. Еліміздің қылмыстық кодексінде екі бап бар - «Жалдамалылық» және «Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу».

Олар бойынша мынадай жазалар қарастырылған: Біріншісі – 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру және Қазақстан азаматтығынан айыру жазасы. Екіншісі – 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы.

Қаңтардың 5-інде Өзбекстанда Ресей үшін Украинаға қарсы соғысқан 22 жастағы Өзбекстан азаматы шартты түрде 5 жылға сотталған еді.

Айыпталушы сотта депортацияның орнына әскерге баруды таңдағанын, сонымен қатар материалдық жағдайына байланысты осындай таңдау жасағанын айтқа. Ол сондай-ақ, соғыс қимылдарына қатысқаны үшін медаль мен Ресей азаматтығын алған.

Abai.kz

4 пікір