Сәрсенбі, 22 Қаңтар 2025
Билік 214 0 пікір 21 Қаңтар, 2025 сағат 19:03

Жоғарғы Сот төрағасы Ақордада есеп берді

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Асламбек Мерғалиев:

– Сот жүйесі қызметінің былтырғы қорытындылары туралы мәлімет берді: – азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын, еркіндігін және заңды мүдделерін қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету сот жұмысының басымдығы саналады.

– Қаралған істер мен материалдар санының ұлғайғаны, сондай-ақ соңғы 5 жылда сот төрелігін жүзеге асыру сапасының ең жоғары көрсеткішіне (жергілікті соттардың сот актілерінің 98,9 пайызы заңды әрі негізі бар деп танылған) қол жеткізілгені жөнінде баяндады.

– Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотқа дейінгі татуласу рәсімдері көптеп қолданылып жатыр.

– Алқабилердің құзыреті кеңейіп, олар қарайтын істердің саны (147-ден 261-ге дейін) екі есеге өскен.

– Салаға жасанды интеллект технологияларын енгізу жайында айтты.

– Бұл әдіс біркелкі сот практикасын қалыптастыруға, судьялардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге ықпал етеді (материалдар мен істердің үштен бір бөлігі, яғни 2 миллион істің 665 мыңы роботты техниканы қолдану арқылы қаралған).

– Судьялардың дербестігін нығайту мен әкімшілік әділет саласын кеңейтуге бағытталған заң шығару бастамалары, сондай-ақ кассациялық соттар құру туралы хабардар етті.

Мемлекет басшысы заң үстемдігін қамтамасыз етудің және қоғамның соттарға сенімін арттырудың маңызын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір