Шұғыл: Трамп Путинге талап қойды!
АҚШ президенті Доналд Трамп Ресей президенті Путинге соғысты тоқтату туралы талап қойды. Ол өз шарттарын өзінің «Truth Social» әлеуметтік желісінде жазды.
«Мен Ресейге зиянымды тигізгім келмейді. Мен орыс халқын жақсы көремін және әрқашан президент Путинмен өте жақсы қарым-қатынаста болдым. Бұл Ресей туралы радикалды солшылдардың жалған сөздеріне қарамастан солай болды», - деді Трамп.
Ол өз сөзінше, «Ресей Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуге көмектесті және бұл жолда 60 миллионға жуық адамның өмірін қиды».
Әрі қарай Трамп Ресейге қоятын шартты атап, былай дейді:
«Соған қарамастан, мен экономикасы құлдырап бара жатқан Ресейге және президент Путинге жақсылап болыспақпын.
Дәл қазір тынышталып, мынау масқара соғысты тоқтатыңыз! Бұдан әрі жағдай ушыға береді!
Егер біз «мәмілеге» қол жеткізе алмасақ, жақын арада маған Ресейдің АҚШ пен басқа әріптес елдерге сататын барлық тауарына жоғары салықтар салуыма, тарифтер мен санкциялар енгізуіме тура келеді.
Кел, соғысты тоқтатайық! Әрине, егер мен президент болғанымда бұл соғыс мүлде басталмайтын да еді.
Біз бұл соғысты тоқтатудың екі жолы бар. Оңай және қиын жолдар. Біз мұны оңай жолмен тоқтата аламыз. Және сол жол әркімге де жақсы болмақ. «Мәміле жасаудың» уақыты келді. Бұдан әрі ешқандай өмір қиылмауы керек», - деді Трамп.
Тақырыпқа тұздық: Зеленский келіссөздерді бастамас бұрын Батыс одақтастарынан Украинаның қауіпсіздік кепілдіктерін алғысы келетінін айтты.
Зеленский: «Соғыстың аяқталуы – Путиннің емес, Трамптың жеңісі болуы керек», - деп мәлімдеді.
«Bloomberg»: «Украина үшін кез келген келісімнің кілті – АҚШ пен Еуропаның Кремльдің қайта басып кіруіне тосқауыл қою үшін жеткілікті болатын қауіпсіздік кепілдігі болмақ. Зеленский Путинмен тікелей байланысқа шықпас бұрын Трамптан осындай кепілдік алғысы келеді», - дейді.
Abai.kz