Бейсенбі, 23 Қаңтар 2025
Ақмылтық 220 2 пікір 23 Қаңтар, 2025 сағат 15:12

Қазақ тілінің ұлттық корпусы құрылады!

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Сенат осыған қатысты құжатты мақұлдады. Заңға сәйкес, қазақ тілінің сөздік қорына қолжетімділікті қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйесі құрылып, ұлттық сөздік қоры әзірленеді.

Бұл жүйеде қазақ тілінің барлық стильдері мен жанрларының мәтіндері қамтылады.

Сол платформада ақпараттық-анықтамалық ретінде Қазақ тілінің ұлттық корпусын құру көзделген. Бұл шаралар негізінде мәтіндерді өңдеп, генерациялайтын, талдау жүргізетін жасанды нейрондық желіге негізделген қазақ тілінің сөздік қорын қолжетімді ететін ауқымды тіл моделі қалыптасады.

«Бұл түзетулер, қазақ тілін мәдени құндылық ретінде әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді, мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін нығайтады», – деді сенатор Алтынбек Нұхұлы.

Abai.kz

2 пікір