Сейсенбі, 22 Сәуір 2025
Бетбұрыс 1434 0 пікір 23 Қаңтар, 2025 сағат 15:19

Елімізде дрон өндірісі қолға алынды...

Сурет: Мың теңге телеграм арнасынан алынды.

«Yesil Technology Company» компаниясы «Kazakh Invest» қолдауымен елімізде өнеркәсіптік пилотсыз дрондар өндірісін жолға қоймақ. Бұл туралы Мың теңге телеграм арнасы жазды. 

Жоба аясында ауданы 50 000 шаршы метр өндірістік және ғылыми зерттеу аймағы салынбақ.

Аймаққа аккумулятор шығаратын цех, инновациялық технологиялар ғылыми зерттеу орталығы, машиналардың толық циклін сақтау, ұшу аппараттарына арналған сынақ алаңы кіреді.

Өндірісті бастау нәтижесінде 500 жұмыс орны ашылмақ. Инвестиция көлемі – 12 млн доллар. Өнімдер жергілікті нарықтарға, сондай-ақ Орта­лық Азия елдерінің нарығына жеткізілмек.

Дүниежүзілік ұшқышсыз ұшу аппараттары федерациясының мәліметтері бойынша, 2024 жылы төмен биіктіктегі экономиканың әлемдік нарығының көлемі 318,64 млрд доллар болды. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 8,8 трлн доллардан асады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2112
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4983
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4221