Сейсенбі, 4 Ақпан 2025
Билік 69 0 пікір 4 Ақпан, 2025 сағат 15:19

Министрдің уәдесі: Барлық жолдарда интернет болады

Сурет: dknews.kz сайтынан алынды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев: «2027 жылға қарай республикалық маңызы бар барлық автомобиль жолдары интернетпен қамтамасыз етіледі», - деп уәде берді.

Үкімет отырысында министр Мәдиев 2024 жылы жолдарды зерттеу және егжей-тегжейлі талдау, оның ішінде сигнал деңгейлерін өлшеу және интернет жоқ аймақтарды анықтау аяқталғанын атап өтті.

«Олардың нәтижелері бойынша антенналық діңгек құрылымдарын қосымша орнату қажет болатын 243 нүкте анықталды. Қазірдің өзінде 104 бекет бойынша оң қорытындылар алынды», - деді Жаслан Мәдиев.

Министр антенналық діңгек құрылымдарының құрылысын бюджеттік қаржыландыруды қолдауды сұрады.

Abai.kz

0 пікір