Тоқаевқа да бір Илон Маск керек...
![](https://abai.kz/content/uploads/2025/02/MyCollages-6.jpg)
Соңғы бірнеше жылдағы әлемдік ірі оқиғалар, әсіресе, ковид вирусының таралуы, Ресейдің Украинаға шапқыншылығы жаһандық экономикаға айтарлықтай әсер етті. Зат бағасы қымбаттап, ақша құнсызданды. Әлемдік саяси сахнада да тұрақсыздық орын алды. Оңтүстік Кореядағы, Франциядағы, Германиядағы саяси толқуларды, Америкадағы президент сайлауында демократтардың ойсырай жеңіліп, консерватив Трамптың қайта билікке келуін де соның қатарына жатқызуға болады.
Әлемдік геосаясаттағы өзгерістер саясаткерлерге ғана емес, саналы азаматтардың саяси ұстанымына да айтарлықтай бетбұрыс жасауда. Оның нақты мысалы ретінде Ақ үйге қайта келген Трамптың «штаттан тыс» көмекшісіне айналған Илон Маскты атауға болады.
Алдынғы жолғы президент сайлауында демократ Байденді қолдаған Илон Масктың майданын өзгертіп, бұл жолы Трампқа жақтас болуының астарында соңғы жылдардағы әлемдік экономикалық жағдайдың күрденіленуінің, саяси, әскери қақтығыстардың ашыққа шыққанының жатқаны анық.
Байденнің билігі кезінде Украинаға ниеттес болып, тегін интернетпен қамтамасыз еткен Илон Маск Трамптың төрт жылы кезінде, 36 триллион қарызы бар АҚШ-тың жомарт қолдығына шектеу қойып, ел қазынасын артық шығындардан сақтап, халық тұрмысын жақсартқалы отыр. Атап айтқанда Амеиканың 450-ден асатын федаралды органдарының есебін тексеріп, қысқартып, қайта құрылымдап, 99-ға ықшамдағалы отыр. 6 елден ерек талантты компютер маманын қасына алып, тексеріске ұзақ жылдар кететін кіріс-шығыстарды ЖИ-дің көмегімен бірер күнде тындыруда. Арты ашылғанын кім жақсы көрсін?! Илон Масктың жалақы алмайтын, мемлекетке деген адал пейілмен кіріскен жұмысы жаңа кедергілерге тап болуда. АҚШ халықаралық даму агентін тексеруді аяқтаған оның алдында жылдық шығыны 850 миллиард долларға жететін пентагон бастатқан ірі күштік, экономикалық құрылымдар тұр.
Қасіретті «Қаңтар оқиғасынан» кейін Тоқаевтың да шетелге шығарылған активтерді елге қайтарып, «Әділетті Қазақстан» орнату бастамасын көтергенімен, Путинның Украинаға бастаған соғысы теңгесі рубльге байланған, Ресеймен экономикалық одақтағы бізге де айрықша әсер еткені жұртқа мәлім. Қазір біздің елде де бюджет тапшылығы анық аңғарыла бастады. Үкіметтің таяудағы ҚҚС көтеру бастамасын президент қайта қарауға тапсырма берді. Бюджет түсімінің азаюының тамыры ұзақ жылдар орныққан мемлекет байлығын іште өңдеуге емес, сыртқа шикізат күйінде сататын системаның салдары екені анық. Елдегі кейінгі көп жағдайлар бүл жүйені өзгертуге тамыры тереңдегі Ескі Қазақстан оллигархтарының кедергі келтіріп жатқанын көрсетуде. Ел экономикасының тағдыры министр Серік Жұманғарин мен популист Рахым Ошақбаевтың деңгейінде шешілетін шаруа емес. Президент өзі қолға алуы керек.
Тоқаевтың өз сұхбаттарында айтқан, ел көңілінен шыққан президент мерзіміндегі жоспарларын толық орындалуы үшін де ол кісіге Илон Маск сияқты бір мемлекетшіл тұлға, жаңа технология білгірі керек. Мемлекет хатшысы айтқан қазіргі «күшті президент, ықпалды парламент, еститін үкімет» саяси жүйесі де оны сыртқа теппесі анық.
Есбол Үсенұлы
Abai.kz