Сейсенбі, 11 Ақпан 2025
Алаң 241 1 пікір 11 Ақпан, 2025 сағат 15:33

Қытай әскери цензураны күшейтуде...

Сурет: Halyk Uni сайтынан алынды.

Қытай билігі 1 наурыздан бастап интернетте әскери ақпараттың таралуына бақылауды күшейтеді. Бұл туралы ҚХР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жаңа шаралар әскери тақырыпқа арналған интернет-сайттарды, веб-сайттардағы әскери бағандарды, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі әскери ақпараты бар аккаунттарды құруды қоса алғанда, желіде әскери ақпараттың таралуын бақылауды көздейді.

Жаңа регламентте әскери ақпаратты тарату Қытай Халық-азаттық армиясының (ҚХАА) жақсы имиджін қолдауға, дұрыс саяси бағытты ұстануға, сондай-ақ құндылыққа бағдарлануға ықпал етуі тиіс екендігі атап өтілген.

Сондай-ақ мұндай ақпарат «армия, үкімет және халық арасында алауыздық тудырмауға немесе бірлікке нұқсан келтірмеуге» тиіс делінген.

Өткен жылы күзде Қытай астанасы Пекинде әскерилердің саяси бүлік шығарғаны, Шиден әскери құқықты тартып алғаны туралы қауесеттер желдей ескен еді. Оның бәрі әскери салаға жауапты бірнеше ірі лауазым иелерінің «жемқорлық» бабымен тұтқындалған кейін желдей ескен.

АҚШ барлау органдары былтырғы жылғы қортысында: «Қытайдың Америкамен бәскеге қуатты армия жасақтауына әскери саладағы жемқорлық басты кедергі», - деп жазған.

Бұған дейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытайда «қытайлық ерекшелігі бар қазіргі заманғы әскери теория жүйесін» құру қажеттігін, сондай-ақ «әскерлердің жауынгерлік даярлығын жан-жақты күшейту және ҚҰАА тиімділігін арттыру» керектігі туралы мәлімдеген болатын.

Abai.kz

1 пікір