Бейсенбі, 13 Ақпан 2025
Анық-қанығы 147 0 пікір 13 Ақпан, 2025 сағат 13:30

Естония: Ресей Қытайдың көмегімен дрон өндіруде

Сурет: RG.ru сайтынан алынды.

Естония сыртқы барлау мекемесі сәрсенбі күні жариялаған жылдық есебінде осылай деп мәлімдеді. Пекинді санкцияға ұшыраған ресейге батыстық аса қажетті бөшкектерді басты жеткізуші деп атап өтті.

Олардың мәліметінше Ресей қазір әскери техникаға керек бөлшектердің 80 пайызын қытайдан алып отыр. Олар әскери, азаматтық мақсатта бірдей қолданылатын жаңа технология өнімдерін қамтиды. Бұдан бұрын Украина тарабы да қолды болған ресей әскери техникаларының 60 пайыздан астам бөлшектерінің қытайда жасалғанын жариялаған еді.

Ресейде дрон өндіруге қажетті бөлшектер өндірілмейді. Батыстан сатып алады. Санкциядан кейін қытайға күні қарап қалған. Қытай тарабы болса жеке меншік компаниялар арқылы екі жақтың сауда байланысын күшейткен. Естония тарабы қытай тарабы еліндегі батыстық компаниялар арқылы ресейдің қажетін қанағаттандырып отырған деп күдіктенеді. Сондай-ақ бұл әрекеті Ресейдің батысқа мұқтаждығын азайтып, санкцияның күшін әлсіретеді деп қауіптенеді. Ресейден бірінші болып бөлініп шыққан Балтық бойындағы Естония, Литва, Лативия қатарлы ұш республика Ресейді басты жауы санайды. Орыс әскері украинаға басып кіргеннен кейін бұл қауіп еселеп артқан.

Зеленский жақында ғана Украинаның дрон өндірісі күніне 7 мың дана өнімге қол жеткізгенін, 2025-жылы 3 миллион дана дрон дайындайтынын айтып еді.

Ресейде дрон өндіруге барын салып отыр екен. Иранның "шаһит" дронының орыстық үлгісін шығаруға кірісіп кетіпті.

Abai.kz

0 пікір