Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды

Ақорда Жарлығында:
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - деп жазылған.
Ол Қазақстан Президентінің кеңесшісі, Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы қызметінен босатылды.
Берік Уәли Семей (қазіргі Абай) облысында дүниеге келген.
Білімі: кинотанушы, журналист және заңгер.
Әр жылдары: Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы әкімінің баспасөз қызметін басқарды, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, сондай-ақ Инвестициялар министрі болды. Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасын басқарды. «Хабар» агенттігі» АҚ директоры болды.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Президентінің кеңесшісі және Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы болды.
Abai.kz