Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Айқай 6033 0 пікір 19 Ақпан, 2025 сағат 15:38

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі қандай?

Сурет: finprom.kz сайтынан алынды.

2024 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанда жұмыссыздар саны 448,2 мың адам болды. Мұны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға көп, деп хабарлайды Finprom орталығы.

Жұмыссыздардың 211,1 мыңы ер адам, 237,1 мың әйел. Олардың ең көп саны Алматы қаласында тіркелді: 51,9 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 0,4%-ға көп. Ал екінші және үшінші орында Түркістан (40,9 мың адам) және Алматы (35,5 мың адам) облыстары.

Жұмыссыздар саны аз өңірлер, Ұлытау (4,2 мың адам), Солтүстік Қазақстан (13,1 мың адам) және Абай (14,5 мың адам) облыстары.

Жұмыссыздықтың себебі жұмыс таба алмау. 2024 жылы бұл 112,6 мың қазақстандықты қамтыды. Өткен жылмен салыстырғанда 37,9%-ға көп.

Қалаларда жұмыссыздық деңгейі бірдей – 4,6%. Ал ауылдық жерлерде ол сәл жоғары, яғни 4,7%.

Trading Economics рейтингі бойынша жұмыссыздық деңгейінде (4,6%) Қазақстан 182 елдің арасында 74 орынға ие болды. Ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Беларусьте (0,1%), Катарда (0,1%), Камбоджада (0,2%), Нигерде (0,5%) және Бурундиде (0,9%) тіркелді.

Ең жоғары көрсеткіштер Оңтүстік Африкада (32,1%), Анголада (30,8%) және Палестинада (30,7%) байқалды.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан тізімнің ортасында. Төмен жұмыссыздық деңгейі Қырғызстанда (1,9%), Ресейде (2,3%), Молдовада (3,6%) және Түркіменстанда (4,2%) тіркелді.

Әзербайжан (5,6%), Өзбекстан (6,8%), Тәжікстан (6,9%) және Украина (10,5%) үшін көрсеткіштер жоғары.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 371
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1176
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 343
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 316