Дәріханаларға қылмыстық жауапкершілік туралы ескерту берілді

Әңгіме «Трамадол» препаратының сатылымына қатысты болып отыр. Енді бұл дәрінің айналымы қатаң бақылауға алынып, оны рецептісіз сатқан дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялар қатаң жауапкершілікке тартылмақ.
Себебі, бұл препарат енді есірткілік зат ретінде жіктеліп, тек арнайы лицензиясы бар дәріханаларда дәрігердің рецепті бойынша ғана сатылмақ. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, заң бұзушыларға Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес 10жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Abai.kz