Сәрсенбі, 26 Ақпан 2025
Ақмылтық 191 2 пікір 26 Ақпан, 2025 сағат 09:30

Жарнаманы қазақ ұғымына бейімдеу үшін күресу керек!

Сурет: Abai.kz сайтынан алынды.

Басы: Қазақ аудармасы: Өлген тілді аударма тірілтеді!

Жалғасы:

Ана тілімізді аударма тіліне айналдырып алдық...

– Жарнаманы қазақ ұғым-түсінігіне бейімдеу үшін қалай күресу керек?

– Бәрі қарапайым нәрселерден басталады. Қазір бәріміз қарадан қарап отырып, ана тілімізді аударма тіліне айналдырып алғанымызды білмей қалдық. Белгілі қазақ сықақшысы О.Әубәкіров «Күлдіру – өнер, күлу – өмір, күлкі болу – өлім» деп тегін айтпаса керек. Егер бәріміз қабақ түйіп түксиіп жүрсек өмір не болып кетер еді. Бәріміз бір Жаратқанның арқасында езуімізден күлкі кетпей, қамшының сабындай аз күндік ғұмырымызды думанмен өткізіп жүрміз. Бір тілдегі сөз екінші тілде шәлкем-шалыс ұғым тудырып, бірде күлдірсе, келесіде ат-тоныңды ала қаштырады. Енді қазақ биснес әлеміндегі осындай атаулар турасында аз-кем сөз етейік.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары орысша «свежий мяса» дегенді «жаңа сойылған мал еті» деудің орына «Балауса ет» деп аударып, айды аспанға шығарға кезіміз де болды. Фейсбукте бәріміз құрмейтін Серік Ерғали ағамыз ашқан «АУДАРМАШЫЛАР МЕН ТІЛМАШТАР ОДАҒЫ» деген парақшамыз бар.

Диванның жарнамасына қатысты Серағамыз: «Сауатсыздыққа таң қалмайтын да, ренжи алмайтын да болдық...

Мына жарнаманың мәтіні тілектің орнына өкінішті тықпалапты.

Егер де дені дұрыс аударма болғанда жай ғана "Мына диванға жайғасар/отырар ма еді" - болар еді» деп жазба қалдырыпты.

Иә, Серағамыздың пікірі дұрыс бірақ, әлемдік жарнама тілінде Slogan [ˈsləʊgən] және tagline [ˈtɑːlaɪn] деген терміндер бар. Біз орыс ыңғайымен «слоган» деп алып жүрміз. Сонымен Slogan дегеніміз заттың сатылудағы жарнамасында тұтынушының көңілін аударатын ерекше тіркес немесе сөйлем.

Бізде осы Slogan ана тілімізде қалыптаспай, орыс тілді бизнес қазақшаға аударып бер деп тілдік отарлау жасап отыр. Енді суреттегі қазақ тіліндегі жарнама «Жаныңды жадырата жайғас» десе қазақ ұғым-түсінігіне жақын. Ал, мына калькаға еш ренжіп керегі жоқ. Бір кездегі «балауса ет» деген сияқты бәдік. Қазақша жарнамалық слоган қалыптастырмай еш оңбаймыз.

Әлемдік тілі дамыған елдерде де жарнамалық орашолақтықтар бар. Енді бизнес әлеміндегі осындай атаулар турасында аз-кем сөз етейік.

Америка автомобиль өндірісінің гиганты – General Motors компаниясы ыңғайсыз жағдайға қалды. Өзінің Ресейде шығарылатын жаңа автомобилі Chevrolet Nova-ны  Латин Америкасы нарығына экспортағанда No va испанша «орнынан қозғалмайды» деген ұғымды білдіретіндігін кеш ұғынған. Тап осындай жағдайға сол елдерде Митсубиши де ұрынған оның сатуға шығарған  "Pojero"-сы  испанша "похеро" деген  жаман сөз болып шығып, атауын өзгертуге тура келген екен.

Clairol парфюмерлік компаниясы Германияға Mist Stick («тұманды дезодорант») атты құрғақ дезодоранты саудаға шығарғанда, Mist («тұман») сөзі неміс сленгісінде «көң» дегенді білдіретінін кеш аңғарған.

Colgate-Palmolive компаниясы француз нарығына Cue атты тіс пастын ұсынғанда тап сондай кең танымал француз порно­журналы бар екендігін білмеген.

Pepsi болса, ««Пепси» буынымен өмір сүр» (Come Alive With the Pepsi Generation) атты өзінің  жарнамалық девизімен қытайлықтардың төбе шашын тік тұрғызған  сөйтсек, осы сөз түзелімі қытайша «Пепси» сіздердің бабаларыңызды көрден тік тұрғызады» деп ұғынылады екен.

Аты Pepsi-мен бірге аталатын Coca-Cola-да Аспан асты елінде масқарашылықтан қашып құтыла алмапты, атап айтсақ, «Кекукела» атты сусыны «балауыз құртын тісте» дегенді ұғындырады екен, содан кейін Coca-Cola осы сөз түзелімін «Коку Коле», яғни «ауыздағы бақыт» деп өзгертіп атауға мәжбүр болыпты.

American Airlines авиакомпаниясы өз ұшақтарының салонына тері орындықтар ортатып, өзімен көршілес  мексикалықтарға ағылшыншасы Fly in Leather («Терімен ұш!») дегенді білдіретін атау қойса, онысы испан тілінде сөзбе-сөз ағылшын транскрипциясынсыз оқыған уақытта «Жалаңаштанып ұш!» деп ұғынылады екен.  Масқара-ай! Қазақ бұндайды «былшығын алам деп, қылшығын алды» деп атамай ма!?

Coors өз сырасын тағы сол құрып қалғыр испан тілділерге Turn It Loose! («Бостан бол!») деп жарнамаласа онысы «Тышқақтан зардап шек!» болып шығып, тұтынушылар алдында беті бір күйіпті.

Құс етін өндіретін АҚШ-ғы Frank Purdue Компаниясыда испандарға өле масқара болыпты олардың  It takes a strong man to make a tender chicken яғни дәлме-дәл аударғанда  ( «Уылжыған балапанды әзірлеу үшін әлеуетті еркек керек») деп ұғынылатын сөз түземі атың өшкір испаншасында «Тауық уылжыған болуы үшін әйелқұмар еркек керек» деп ұғынылып ұятты жағдай тудырыпты.

Күлкі тудырудың бәрін жапон және америка бизнес өнімдеріне жапсыра бермей, «мақтаған қыз тойда бүлдіредінің» керін келтірген белгілі скандинавиялық тұрмыстық  техника өндіруші Electrolux өз шаңсорғышын АҚШ нарығына Nothing Sucks Like an Electrolux – «Electrolux сияқты ешкім де сора алмайды» деп жарнамалап, масқарасы шығыпты.

Ресейдің РИА «Новости» жаңалықтар агенттігі – испанша «күлу» дегенді білдіріп, «Күлетін жаңалықтар» деп ұғынылады екен.

Енді аяңдап жақын тілдерге тоқталайық. Қырғыздың «маңқа қазақ» деген сөзі «сақау қазақ» дегенді ұқтырса, атақты жазушымыз С.Мұқановтың «Балуан Шолағы» өзбекшеге аударылғанда ала тақиялы ағайындар «Шолақ» («ақсақ») адам қалай күреседі деп айран асыр болыпты. Дұрысы өзбек тіліне аударушы «Балуан Молақ» деп аударуы керек еді.

Жарнаманы қазақ ұғым-түсінігіне бейімдеу үшін күресу керек!

– Жарнама қазақ ұғым-түсінігіне қалай бейімделеді?

– Жарнаманы қазақ ұғым-түсінігіне бейімдеу үшін күресу керек. Орысшасы мен қазақшасы екі бөлек болса, ештеңке етпейді. Жарнаманы түзеу үшін әркім білгенін істеп, жарнама аудармасы үшін аудармашы іздеп жүгірмей, Қазақстан Жазушылар мен Журналистер Одағы жанынан Slogan дайындайтын бөлімдер құрылып, оған елімізге келген өнімдер мен елімізде шығатын өнімдерді сатуға шығаратын компаниялар жарнама жасату үшін жүгінуі керек. Әйтпесе, калькаға қарық болып, тіліміздің ұсқынын кетіреміз.

– Жақында филологиядан магистр атағын алғалы жатыр екенсіз. Қазіргі қазақ аудармасында қандай проблема бар. Осы жағын сөз етсеңіз?

– Осы сұрағыңызға қатысты тілнің ұшына «Қазақ аудармасындағы екі проблема» деген сөз ілігеді.

Ұлттық аудармада тәржімашылар Тіл Ірепормасы қазіргі кіріл жазуы үшін қолға алынбағандықтан және кірме сөз қабылдаудың орфоэпиялық бағыттағы қағидаттық жөн-жосығы жасалмағандықтан көптеген проблемаларға ұшырап жүр. Қазақ тілінің өзге түркі тілдерінен өзін бөлектеп тұратын ерекшелігі р, л, у, е, и және ң сынды төл сөз басталмайтын дыбыстары, және ұлттық тілімізде сөз тудыруға қабылетсіз ф, в, х дыбыстары бар. Осылардан басталып, орыс тілі ықпалымен тілімізге еніп кеткен шетелдік сөздерді қазақи әуезеде қайыра бірізге түсіруді жолға қоюға талпыныс жасалуға тиіс. Бұл проблема шешілмей кірме сөз қабылдаудағы әрекетіміз өнбейді.

Қош, енді басында сөз еткен екі проблемаға тоқталайық. Оның біріншісі сөз басы мен сөз соңы жұрнақтары. Осыған мысалдар келтірейік: а) …АРИЙ [< ылат. …аrium < аrеа алаң, жер]. Белгілі мақсатқа арналған орын, ғимарат т.с.с. мысалы.: виварий, колумбарий.

…БИОЗ [< гір. biōsis < bios өмір]. Күрделі сөздің өмір және өмірілік пірәсеспен байбаланысты құрамдас бөлігі, мысалы.: некробиоз, симбиоз.

…ГАМИЯ [< гір. gamos неке]. Күрделі сөздің «некеге, өмірге келуге, шығу текке» байланысты құрамдас екінші бөлігі, мысалы.: моногамия, гетерогамия. ә) АГРО… [< ылат. ager жер]. Күрделі сөздің төмендегідей мағына білдіретін бірінші бөлігі: 1) агрономиялық, мысалы., агротехника, агрохимия; 2) ауылшаруашылық, мысалы: агрокомплекс (агрокешен), агромероприятия (аграрлық іс-шара).

БИО… [< гір. bios өмір]. Күрделі сөздің төмендегідей мағына білдіретін бірінші бөлігі 1) өмір, өмірлік процестер ұғымындарын білдірушілік мысалы.: биография, биосинтез; 2) биологиялық сөзінің мағынасымен үндесу, мысалы.: биохимия.

ВИЦЕ-… [< ылат. vice бірдей, ұқсас]. Күрделі сөздің «лауазымдық орынбасар» мағынасын білдіретін бірінші бөлігі мысалы.: вице-губернатор, вице-президент.

Екіншісі өзге тілден кірме сөздік синонимдер қабылдау. Осыған мысалдар келтірейік: ағыл. elder әмер.  |ˈeldər|  біріт.  |ˈeldə| ор. старейшина түр. büyük, yaşlı, mürver, yaşlı bir, elder; pretentious претенциозен піретенділік (менмендік); magic artifact магический артефакты  мәгіиәлық әртепәкті

His conustitution was definitely extraordinary (біріт.  |ɪkˈstrɔːd(ə)n(ə)rɪ|) /Его телосложение было оперделенно экстраординарным Оның дене бітімі белгілі бір әдеттен тыс еді.

In order to train and nurture the reincarnation fairy, he had spent a lot of energy and cultivation resources// Чтобы обучать и воспитывать фею перевоплощения, он потратил много энергии и ресурсов на совершенствование. Енді осы сөйлемдегі шетелдік кірме сөздердің ағылшынша, орысша және түрікше айтылып, жазылуына тоқталайық.

Ағыл. reincarnation ор. реинкарнация синонимі перевоплощения, түр. reenkarnasyonlar қазақша қайыра туған деп ұғынылады.

Fairy фея peri пері

cultivation совершенствование kusursuzluk, mükemmeliyet, bitirme, tamamlama, geliştirmek, artırmak, iyileştirmek, geliştirilmesi, arttırmak, gelişmek, düzeltmek.

energy энергия enerji

resources ресурс Kaynak

Ататүрік түріктерге француздан тікелей жаңа түрік тіліне бейімдеп сөз қабылдау үлгісін көрсетті. Бізде Ататүрік ізімен ағылшыннан өз тілімізге бейімдеп синонимдер мен сөзалды және сөз соңы жұрнақтарын қабылдауды күн тәртібіне қойғанымыз жөн. Өйткені, біз ғана кәсіби жосықта аудармамен күнделікті айналысып жүрміз. Қалғандары бұл мәселеге бас ауыртпайды.

Жазуда ғана емес, аударма тіліне Тіл реформасы керек!

– Неге бас ауыртпайды?

– Мысалға мына бір сөйлемге назар аударалық: Категория нарративной  стратегии  в  контексте  исследований сюжетно-повествовательного дискурса немесе ағылшыншасы Category of narrative strategy in research context narrative discourse деген сөйлемде бір жалғау (в) мен екі сөз (исследований, повествовательного) ғана орысша қалған Категория  нарративной  стратегии  контексте  сюжетно дискурса сөздері орыс тіліне кірме сөздер соны ағылшынмен алмастырса былай орыстың кірме сөзін пайдаланса былай:  Сюжеттік-баяндаушы дискурстарды зерттеу конмәтіндегі нарративтік  стратегия санаты. Тек төрт сөз қазақшалауға көнбейді. Сюжет, дискурс, нарратив және стратегия. Ал, ағылшын мәтіні бойынша Нәрәтіп діскүс көнтекісті зерттеудегі нәрәтіптік істірәтегіиә кәтегөріиәсі. Қайсысы тіл бұзады қайсы тіл түзейді өзіңіз ұға беріңіз. Ағылшындар ит деп жазып шошқа деп оқитын ұлт. Сондықтан ағылшынан тіке сөз қабылдау керек. Соған ұлтты үйретуге тиіспіз. Сіз қалай қарайсыз?!

Қытай түрік және ағылшынан орысша шет ел сөздерін алмастырудың жолына қалайда кірісуге тиіспіз.

Тілді 28 ұлттық дыбысымызға аударма тілінде бейімдеуге тіиспіз. Жазуда ғана емес, аударма тіліне Тіл реформасы керек-ақ.

– Тілді 28 ұлттық дыбысымызға аударма тілінде бейімдеу үшін не істеуіміз керек, неден бастауымыз керек?

– Біріншіден, бізде бір жаман әдет кірме сөзді орыс тілі арқылы қабылдау немесе баламалы аударма жасап әлекке түсу. Сонда не америкалық, не  британдық айтылым негізінде сөз қабылдауды жолға қоятын кез келген сияқты. Мысал үшін: Орысшасы «Фолловер» атты жаңа сөздің қазақша «Пәлуәші» бола ала ма?

follower амер.  |ˈfɑːləʊər|  брит.  |ˈfɒləʊə|  британдық айтылым, яғни, қазақы мәнерде пәлуәші. Фолловер - бұл әлеуметтік желінің пайдаланушысы, ол басқа адамға жазылып, оның аккаунтын қадағалайды. Ағылшын тіліндегі follower «жақтаушысы, ізбасары», follow «», + -er зат есім жасаушы жұрнақтан туындаған.

Ағылшын тілінен аударғанда (follow) «келесі, біреудің артынан келе жатқан» дегенді білдіреді. Сондықтан пәлуәшілер көбінесе белсенді жазылушылар, блогер жанкүйерлері деп аталады.

Екіншіден аудармашы дайындайтын «жексенбілік мектептер» ашу. Оқулығын «Дарын» баспасынан шығарғанымызға 2 айдай болды.

Менің ұстазым Дәмеш Омарбаева, Семей қалалық мәдениет Сарайындағы «Халықтық» ақындар орталығының жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері, Республикалық «Бірлік» алтын медалінің иегері, Республикалық «Ең үздік бапкер-ұстаз» атағының иегері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері, Жарма ауданының құрметті азаматы, Қапанбұлақ ауылының құрметті азаматы, Республикалық айтыстардың лауреаты 60 жылдай саналы ғұмырымды талантты балаларды тәрбиелеп өнерге қанат қақтыруға арнады. Қазір 2000-нан аса шәкірті тәуелсіз еліміздегі қазақ мәдениетін әлемге танытуға өз үлесін қосып жүрген жайы бар.

Осы ұстазым атындағы «Құнанбай қажы атындағы Алаш аудармашылар одағы» қоғамдық қорының жанынан «Дәмеш өнер мектебін» ашпақпын. Мәселе облыс әкіміне тіреліп тұр.

Ғылыми-сөйлеу тіліне қалай бейімдейміз?

– Қазконтенттегі ұлттық аударма мәдениетін қалай қалыптастырамыз!?

– Қазақ мәдениетін сынауға келгенде, оны мінеуге келгенде бәрі шебер. Әрі біз ананы жоғалттық, мынаны жоғалтып ала жаздаудамыз деп зар жылаушылар да жетіп артылады. Біз үнемі себеппен емес, оның салдарымен күресетін ұлтқа айналып барамыз. Бар себеп ұлт мәдениетінің элиталық және бұқаралық екі қыры барлығына жете мән бермеудеміз. Екінші жанама себеп інтернет кеңістігіне ешкім қорғауы мен қолдауын керек етпейтін орыс тілді контенттің қосанжарласуы.

Мемлекет ешқашан орыс тілді контентке қаржы бөлмеуі керек. Оларға онсызда «орыс әлемі» ақшаны үйіп төгуде.

Элиталық және бұқаралық мәдениетті замана талабына лайықтау әлі қолға алынбауы өкінішті. Әлем классиктерін аудару дегеніміз – элиталық мәдениетті қалыптастыру. Һәм бұқаралық мәдениетті тасада қалдыру.

Бұқаралық мәдениет дегеніміз дініміз, діліміз және әдет-ғұрыпымызға шіркеу түсірмейтін арт-мәдениет өнімдерін арнайы құрылған комиссия арқылы  жұрт назарына ұсыну. Міне, біз осы жағынан ақсап жатырмыз. Бұқаралық мәдениет өкілдері дегеніміз – қара жұмыста жүрген және үй шаруасындағы бауырларымыз бен қарындастарымыз. Осылар үнемі назардан тыс қалады. Олардың не көріп не қойып жүргеніне әлеуметтік сауал жүргізілген емес. Тек олардың тарапынан әлде бір өрескел жағдай орын алған шақта қазақты құртатын қылық деп ұлардай шулаймыз.

Бізге әр облыстағы ақсақалдар және ұстаздар қауымын тарта отырып, ұлттық релиз тарату орталықтары керек. Осы релиз тарату орталықтары видео-аудио және баспа өнімдерін інтернет арқылы тик-токта, истаграммда, ютубта, телеграммда салт-дәстүрімізге орай қалай тартату керектігін бірізге түсіре алады.

Ұлттық релизге әр саланың мамандары ат салысып, жұртшылықтың сұранысын сауалнама арқылы біліп ел кәдесіне жарайтын іс атқарады. Релиз түзілмей біз бүгінгі мәдениетімізден айырыламыз.

Релиз дегеніміз не?

Релиз (ағыл. release [r, 'liːs] - «шығару»): шығару, көрсету, жариялау, көрсету - фильм, кітаптар, күйтабақ, өнім (біздің жағдайда аударма түрлері); сондай-ақ шығарылатын объектінің өзі. (комп//кәміп. сленг) бағдарламаның түпкілікті нұсқасы. (Жасап шығу) - бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің соңғы сатысы; осы кезеңде шығарымгер (Web издатель) бағдарламалық қамтамасыз етуді тұрақты деп таниды және оған қажетті түзетулер енгізеді немесе мүлдем өзгертпейді.

Релиз түрлері:

Музыкалық релиз бұған аудиокітап та жатады

Пресс-релиз (бұл бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға арналған ақпараттық хабар)

Интернет-релиз (Web-релиз және әлемжелі релизі бизнестік мақсатта)

The new software is planned for release in April. Сәуір айында шығаруға  жоспарланған жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету. Выпуск нового программного обеспечения запланировано в апреле.

Folk release (түрлі саладағы шығармашылық тұлғалар үшін өзге тілден аударылатын түрлі саладағы тәржіма жасалатын нысанды ұсыну). F.r-ге белгілі бір тілді қолданушы аудармаға ебі бар жандар кино, кітап немесе әнді тәржімалап өз ұлтына ұсыну үшін «қара аударма» жасауға ат салысады. Кейін белгілі бір саланың маманы олар жасаған аудаманы өңдеп, ауызекі және ғылыми-сөйлеу тіліне бейімдейді.

– Ғылыми-сөйлеу тіліне қалай бейімдейміз?

– Бұл орайда, әр қазақ аудармашысы білуге тиіс алтын ережелер бар. Қазақ тілінде тек 28 дыбысты таңбалайтын 28 әріп қана бар. ХФВ біз үшін жат!

Сөз басталмайтын Р. Л. У. И. Е және Ң сынды 6 дыбысымыз бар. Бізге аманатпен табысталған Ата-бабамыздың «Дыбысталу мұрасы».

Қазақ дауысты дыбыстары (а-ә, ы-і, ұ-ү, о-ө жұптары және өзінен сөз басталмайтын е) не бірыңғай жіңішке не бірыңғай жуан дыбысталыммен дауыссыздармен тіркесіп айтылады. Егер осы екеуі аралас келсе, онда ол сөз бабаларымыз бір кездері қабылдаған кірме сөз дегенді білдіреді. Тіл дыбыстарының орналасуы мен қолданылуы математикадағы көбейту кестесі сияқты. Осы ұлттық кірме сөз қабылдаудың көбейту кестесін бірлесе жасап шығатын кез келді.

Зорлықпен кірген Х дыбысы жауан жіңішкелігіне қарай не ғ, не г деп дыбысталуы керек бұл орайда тілінің түп төркіні түркі мен фин-угордың және македондық өлі шіркеу тілінің қойырпағынан өмірге келген орыс тіліндегі ф-дан төл сөздің басталмауы мен әлем халықтары х-мен айтатын сөздердің г-мен айтылып жазылуы ойлантуға тиіс.

Сөз қабылдай алмайтын ұлт тілі – ол өлі тіл!

– Сонымен, Ұлттық дыбыстық тіркесімсіз кірме сөз қабылдау ана тілімізді түп негізінен айырады ғой?

– Тілшілер бітпес дауды доғарып, құлпынай (клубника) мен бөкебай негізді қазақы сөз қабылдау тетігін ғылыми тұжырымдап бермесе, біздің ылатынға көштік дегеніміз, орыс дыбыстық әлемін басқа жазумен алмастырудың кезекті шарасы ғана болып табылады.

Сөз қабылдай алмайтын ұлт тілі – ол өлі тіл. Ойланайық, ағайын! Ылатынға өтуге емес, сөзімізді әуелі кірілдік төл дыбыстауға көшіруді реттеп алмай, орыстық ықпалды ылатынды қабылдап, тегіс жерден сүрініп қарабаспайық!

Текінікәлік ғылымдағы ағайындар, ІТ қолданатын шығармашылық тұлғалар, қазақ тілді інтернет бүлөгер бауырлар, қазақ тілінің тағдыры сіздердің қолдарыңызда, ағылшын және орыс сөздерін төл сөзге айналыруға орысқұлдықты (русизмді) жою азаматтық парыздарыңыз. Ұлт тілін сіздер ғана мәңгіге сақтап қала аласыздар!

Қазір мемлекеттік тілге қатысты үнемі грант ұтып алушылар 30 жылдан бері кәсіби аудармашылардың басын қосатын не сиез, не алқалы басқосу өткізбеуі қазақ ұлттық аудармасының ешкімге керексіздігін ұқтырады. Кірме сөз қабылдаудағы тәржімашылар рөлін ұғынбау, білсе де білмегенсу  тіл дамуына қойылған тас қамал бөгет болып табылады десек артық айтпаймыз.

28 әріптік сөз қолданысы ғана тілімізді сақтап қалатынын және оны 28 әріпке негізделген кірме сөз қабылдау үрдісі ғана қазақ тілін әлемдік дамыған тілдермен терезесі тең ететінін ұғатын кез келді. Бейпіл ұлттық баламалаумен біз ұзаққа бармаймыз, қазақша үйренгісі келген орыс тілді жас ұрпақты тілімізден жерінтеміз.

– Кәсіби терміндер қалыптасуы үшін не істеуіміз керек?!

– Тұстастарымыздың бәрі де, бізден кейінгі буынның өкілдері де аудармашылар қауымы үшін өз тарапынан кірме сөз қабылдауға қазіргі қазақ орфографикасы мен 42  әріптік әліпбиі қолбайлау екенін бек жақсы біледі. Бұл – өз алдына жеке бір тақырып. Еліміздегі орыс тілді БАҚ мен ғылыми орта «қазақ тілі – дамымай алған, дамуы мүлдем мүмкін емес мешеу тіл» деген ұғымға тастай қатып жабысып отыр. Оларды бұлайша сайратып отырған нәрсе: қазақ аудармасының ешкімге керексіздігі және ұлттық кірме сөз қабылдау пірінсіптерінің пәнетікәлік тұрғыдан 28 дыбыстық табиғатымен байланыстырыла зерттелмеуі әм осы жосықтағы сөз қабылдау үрдісінің 30 жыл бойы қолға алынбауы. Әрі оның түп себебі: аудармамен айналысатындардың білімін көтеретін іністүтүттер мен ұлттық аудармашылар одағының құрылмауында жатыр. Аударма саласымен жеке айналысатын ұлтқа жөн сілтейтін арнайы маманданған ғылыми орталықтың болмауы да бір тамырымызды кемшін соқтырады. Бәрін аудамамен айналысудың не екенін онша ұғына бермейтін Ұлттық Теркомға жүктеп қоюшылық түптің түбінде еш жақсылыққа әкеп соқтырмайды.

Қазір техникалық білім беретін ЖОО бір-бірлерінің қазақ тілді оқулықтарын оқи алмайтын болды. Оқи алмайтын себебі – текінікәлік терміндер түрлінше аталады. Оның себебі – 30 жылдан бері тілімізге Тіл реформасы жүргізілген жоқ. Қазіргі кірілді 28 әріпке көшіруге ешкім құлық танытпай отыр. Біз әлі 30 жылдай қос әліпбилі ел болып қала береміз. Солай болса да, бірінші кезекте кірме сөз қабылдаудың үш бағытын жарыстыра қолға алуға тиіспіз.

– Бұл үш бағыт қандай?

– Енді аталған бағыттарға тоқталайық. Біріншісі – орыс тілін қазақша бұрып айтатын кәсіби сленг. Қазір қанша жерден қазақша баламасын тапсаң да ешкім подъез, разъез, предохранитель т.б. сөздерді қазақшасы бойынша айтпайды. Сондықтан бұл сөздерді қазақ тілінің дыбыстық жүйесі бойынша пәдіиез, ірәзіиез, піредәкір деп айтуға көшіп, жұрт санасында қалыптастыруға тиіспіз. Өйткені алаш арыстары канцелерия сөзін кеңсе деп тілімізге енгізді. Неге піредәкір деп алмасқа?!

Екінші бағыт бойынша ағылшындық немесе түріктік кірме сөзбен бұрынғы орыс тіліндегі шет елдік сөзді алмастыру. Мысалы, Хрусталь:  ағылшынша – crystal; түрікше – billur; татарша – бәллүр т.б. Немесе подъез –entrance[ˈentrəns] (ағыл.), geldim (түр), разъез – departure [dɪˈpɑːʧə] (ағыл.), ayrılma (түр), предохранитель – fuse [fjuːz] (ағыл), sigorta (түр) және де железнодорожная ветка ағыл.siding [ˈsaɪdɪŋ], түр. demiryolu şubesi.

Үшінші бағыт – жарыспалы ұлттық синоноимдерді орнықтыру. Мәселен,  железнодорожная ветка деген ұғымды білдіретін орысша термінді ұлттық терімінком бекіткен теміржол тармағы атауымен жарыстыра ағылшынның siding [ˈsaɪdɪŋ] сәидің сөзін не болмаса темір жол беткәсі, теміржол шүбөсі деп жазып қолдану.

Осы үш бағытты аударма тілінде орнықтыра алсақ, тіліміз бабалар дәстүрімен әлемдік өркениетті жатсынбай қазақиландырады және түркілік түп тамырынан ажырамайды.

– Сұхбатыңызға көп рахмет!

Сұхбаттасқан Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

2 пікір