Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаһан жаңғырығы 2822 5 пікір 13 Наурыз, 2025 сағат 21:07

Бейбіт келіссөз: Ресей өз шарттарын АҚШ-қа тапсырды

Сурет: eadaily.com сайтынан алынды.

Reuters агенттігі дереккөзге сүйене отырып, Ресей АҚШ-қа Украинада атысты тоқтату бойынша келіссөзді бастамай тұрып, орындалуы тиіс шарттарды тапсырды деп хабарлады.

Дереккөздердің айтуынша, ресейлік ұсыныстардың бұған дейін Мәскеу айтқан талаптардан айырмашылығы жоқ. Олардың арасында Украинаның НАТО-ға ұмтылмауы, Ресей басып алған Украина жерін “орыс жері” деп тану, Украинада шетел әскерін орналастырмау сияқты шарттар бар.

11 наурызда Сауд Арабиясында АҚШ өкілдерімен келіссөз кезінде Украина атысты 30 күнге тоқтатуға келіскен. Ресей жағы бұл ұсыныстарға жауап бермеді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Кремль келіскен жағдайда атысты тоқтату туралы келісімге бірнеше күн ішінде қол қойылуы мүмкін екенін айтқан. Вашингтон “Үлкен жетіліктің” басқа елдерімен бейбіт келіссөз кезінде өзара әрекеттесуге ниет білдірген. Бұл топқа АҚШ-тың өзінен бөлек, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция және Жапония кірмек. Олардың барлығы Ресей басқыншылығы кезінде Украинаны қолдаған.

Дереккөзі: Азаттық радиосы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1112
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2646
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 768
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 736