Минскіге ультиматум: Украина Беларусьті соққылай ма?
Киев пен Минск арасындағы дипломатиялық текетірес жаңа деңгейге көтерілді. Украина президенті Владимир Зеленскийдің Александр Лукашенкоға қойған қатал шарттарынан кейін, Брюссель де өз позициясын ашық білдірді. Еурокомиссия өкілі Анита Хиппер Украинаның өз жерін қорғауға толық құқығы бар екенін мәлімдеп, Киевтің ультиматумын ресми түрде қолдады.
Бұл геосаяси текетірестің артында не тұр? Екі оттың ортасында қалған Минскіні не күтіп тұр? Талдап көрейік. Осы ретте маңызды халықаралық оқиғаларға қатысты жедел ақпаратты «Абай кз» ақпарат порталы ұсынады.
Зеленскийдің ультиматумы: «Бір апта уақыт бар, әйтпесе өзіміз жоямыз»
19 маусымда Владимир Зеленский Минскіден Украина шекарасына жақын орналасқан Брест және Гомель облыстарындағы ретранслятор мұнараларын тез арада демонтаждауды талап етті. Киевтің мәлімдеуінше, бұл құрылғылар ресейлік камикадзе-дрондар мен зымырандардың соққысын нақты бағыттауға (корректировка) көмектесіп отыр. Зеленский бұл мәселенің бұған дейін Минскіге бейресми түрде бірнеше рет жеткізілгенін, бірақ нәтиже болмаған соң жария мәлімдеме жасауға мәжбүр болғанын айтты. Ол Лукашенкоға дәл бір апта (26 маусымға дейін) уақыт берді. «Егер ол мұны істемесе, оны өзіміз жасаймыз», — деп ескертті Украина президенті.
Брюссельдің жауабы: «Украинаның өзін қорғауға құқығы бар»
Еурокомиссия бұл жағдайда Киевтің соққы жасау қаупін айыптаған жоқ, керісінше, оны «өзін-өзі қорғау» (самооборона) концепциясына сай деп тапты. Анита Хиппердің айтуынша:
- Беларусь режимі Ресейдің әскери агрессиясына көмектесуді әлі де тоқтатқан жоқ.
- Минск тек Украинаға ғана емес, Еуроодақ шекарасында да миграциялық дағдарыс ұйымдастырып, әуе кеңістігін бұзып, тұрақты түрде арандатушылықя жасап келеді. Осыған байланысты Еуроодақ Лукашенко режиміне қарсы санкцияларды күшейтуге және алдағы уақытта одан да қатал шаралар қолдануға дайын екенін жеткізді.
Ресей армиясының жанармай базасы
Ретрансляторлардан бөлек, Киев Беларусь билігіне тағы бір ескерту жасады: Ресей армиясына мұнай өнімдері мен жанармай жеткізуді тоқтату. Зеленский бұл бағытта әзірге тікелей әскери қауіп төндірмегенімен, «біз бәрін көріп отырмыз» деп, Минскінің экономикалық көмегі де бақылауда екенін аңғартты.
Түйін: Зеленскийдің ультиматумы аяқталуға жақын, ал Кремль бұл талапты «агрессивті мәлімдеме» деп атап, жақын арада Путин мен Лукашенко бұл мәселені талқылайтынын хабарлады. Егер Минск құрылғыларды өшірмесе, шекара маңындағы нысандарға тікелей дрон немесе зымыран соққылары жасалуы ғажап емес. Бұл соғыс өртенің Беларусь аумағына да шарпуына әкелуі мүмкін бе?
Лукашенко Зеленскийдің талабын орындап, мұнараларды алып тастай ма, әлде бұл жағдай соғыстың жаңа шекараға жайылуына себеп бола ма?
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz