Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4548 0 пікір 2 Қазан, 2009 сағат 04:34

Өміржан ӘБДІХАЛЫҚҰЛЫ. Сотталған Бектұрғановтың Жазушылар одағы мүшелігінен шығарылуы совет заманын еске түсірді

Қазақстан Жазушылар одағы жазушы Алпамыс Бектұрғановты өз қатарынан шығарып тастады. Батыс Қазақстан облысы әкіміне «сыбайласқан жемқорлыққа қатысы бар» деп кінәлаған оның бұрынғы кеңесшісі Бектұрғанов биыл жазда екі рет қылмыстық жауапқа тартылып, жиыны 4 төрт жылға сотталған болатын.

ЖЫҒЫЛҒАНҒА ЖҰДЫРЫҚ
Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өзін сыбайласқан жемқорлыққа қатысы бар деп айыптаған бұрынғы кеңесшісінің үстінен сотқа шағым түсірген болатын. Соның негізінде әкімге жала жапқаны үшін айыпты деп танылып, сотталған жазушы Алпамыс Бектұрғановты ізінше Қазақстан Жазушылар одағы да өз қатарынан аластағанды жөн деп шешті.
Қыркүйектің 2 күні өткен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының кезекті секретариат мәжілісінің шешімімен жазушы Алпамыс Бектұрғанов одақ мүшелігінен шығарылғаны туралы ақпарат «Қазақ әдебиеті» газетінің 4 қыркүйек күнгі №38 санында басылды. Онда: «Секретариат баспасөз беттерінде жарияланған және жергілікті жерлерден Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының

Қазақстан Жазушылар одағы жазушы Алпамыс Бектұрғановты өз қатарынан шығарып тастады. Батыс Қазақстан облысы әкіміне «сыбайласқан жемқорлыққа қатысы бар» деп кінәлаған оның бұрынғы кеңесшісі Бектұрғанов биыл жазда екі рет қылмыстық жауапқа тартылып, жиыны 4 төрт жылға сотталған болатын.

ЖЫҒЫЛҒАНҒА ЖҰДЫРЫҚ
Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өзін сыбайласқан жемқорлыққа қатысы бар деп айыптаған бұрынғы кеңесшісінің үстінен сотқа шағым түсірген болатын. Соның негізінде әкімге жала жапқаны үшін айыпты деп танылып, сотталған жазушы Алпамыс Бектұрғановты ізінше Қазақстан Жазушылар одағы да өз қатарынан аластағанды жөн деп шешті.
Қыркүйектің 2 күні өткен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының кезекті секретариат мәжілісінің шешімімен жазушы Алпамыс Бектұрғанов одақ мүшелігінен шығарылғаны туралы ақпарат «Қазақ әдебиеті» газетінің 4 қыркүйек күнгі №38 санында басылды. Онда: «Секретариат баспасөз беттерінде жарияланған және жергілікті жерлерден Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының

атына келіп түскен хаттарға сәйкес жазушы Алпамыс Бектұрғановты қылмыстық іс әрекеттеріне байланысты ұйым мүшелігінен шығару туралы шешім қабылдады» деп жазылған.
Бұл мәселеге қатысты Азаттық радиосына берген түсініктемесінде Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин жазушы Алпамыс Бектұрғановты ұйым мүшелігінен шығару Одақтың жарғысына сәйкес жүзеге асырылғанын жеткізді.
- Оның кеткендігі жарғыға сәйкес болған нәрсе ғой. Бітті. Айтылды. Істі болып жатыр екен соған байланысты кетті. Басқа ештеңе айтпаймын, - деді Нұрлан Оразалин Азаттық тілшісіне.
Әйткенмен, Жазушылар одағының бұл шешімі қаламгерлер арасында екіұдай пікір туғызып отыр. Одақтың мүшесі, ақын Мырзан Кенжебай Алпамыс Бектұрғановты азамат ретіндегі пікірі мен көзқарасы және ұстанымы үшін Жазушылар одағының мүшелігінен шығаруға аталмыш одақ басшыларының құқы жоқ деп есептейді. Оның ойынша, қоғамның мінін, қоғамның бойындағы сырқатын айту - қаламгердің міндеті.
- Ана жақта сот Алпамыс Бектұрғановтың сотталу мерзіміне үстеме қосып жатса, мына жақта оны Жазушылар одағынан шығарып жатқаны дұрыс емес. Бұл Жазушылар одағы басшыларының саяси қателігі. Керек десеңіз, бұл күлкілі жағдай. Қазір жұрттың ішінде Жазушылар одағы - «Нұр Отан» партиясының бейресми бөлімшесі деген әңгіме бар. Мен өзім де сол Жазушылар одағының мүшесімін ғой. Бірақ, қоғамдық ұйым ретінде Жазушылар одағы тәуелсіз қоғамдық пана болуы керек еді. Алайда, Жазушылар одағы биліктің сойылын соғып отыр. Шыны осы, - деді Мырзан Кенжебай.

«БЕКТҰРҒАНОВ ЖАЗУШЫ ДЕГЕН АТҚА ЛАЙЫҚ ЕМЕС»
Әйтсе де, Жазушылар одағы мүшелерінің арасында Алпамыс Бектұрғановтың қылмыстық істері бүкіл қаламгер қауымының абыройына дақ түсіруі мүмкін деп санайтындар да бар. Жазушы оқырманды ізгілікке, жақсылыққа үндейтін, соған тәрбиелейтін адам болғандықтан оның қылмыстық іс-әрекеттері оған жазушы ретінде абырой әпермейді дейді ақын Серікжан Қажи.
- Алпамыс Бектұрғанов турасындағы мәселе қаламгерлердің абыройына түскен дақ деп есептеймін. Ол туралы баспасөз бетіндегі материалдарды қарап отырсаңыз, ол қылмыстық әрекеттермен де айналысқан. Үлкен шығармашылық үй ретінде берілген үйді өзінің атына жекешелендіріп, сонан соң оны саудаға шығарған. Мұндай адам жазушымын деп қай жерден де абырой таппайтыны белгілі. Жұрт арасында мұндай адамдар қалай жазушы болып жүр, қалай одақтың мүшесі болып отыр деген пікір қалыптасуы да мүмкін. Мұндай нәрселерден қаламгерлер сырт болуы тиіс. Осы тұрғыдан Алпамыс Бектұрғановтың одақтың мүшелігінен шығарылуы дұрыс деп есептеймін. Өзінің жеке мүддесін бірінші орынға қойған адам қаламгер деген атқа лайық емес. Мұндай іс-әрекеттер қаламгер үшін кешірілмейді деп ойлаймын, - деді Серікжан Қажи.
Қазақстан жазушылар одағының Батыс Қазақстан облысындағы бөлімшесінің директоры ақын Ақұштап Бақтыгереева жазушы Алпамыс

Бектұрғанов облыс әкіміне жазықсыз күйе жаққан деген пікірде.
- Бектұрғанов мырза облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхаметовке дәлел, дәйексіз жала жапқан деп есептеймін. Ол әкімге таққан айыбының ешбірін дәлелдей алмады. Бектұрғановтың әкімге қарсы шығуының астарында әкімді әшкере ету емес, басқа бір өзінің қитұрқы мүддесі болғаны анық. Мұндай әрекеттерімен нені аңсағанын мен білмеймін. Алайда, Қазақстан жазушылар одағы Бектұрғановтың іс-әрекетін адамгершілік қалыпқа сыймайтын іс деп бағалап, яғни одақтың ішкі жұмыс тәртібіне сай емес деп тауып, оны одақтың мүшелігінен шығарды, - деді Ақұштап Бақтыгереева Азаттық тілшісіне.
Сондай-ақ, Ақұштап Бақтыгереева өз сөзінде, Батыс Қазақстан облысы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовті аймақтағы мәдениет пен әдебиет саласындағы азаматтарға ерекше қамқорлық көрсетіп келе жатқан басшы ретінде айтып өтті.

«ОЛ ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫН СЫНАҒАНДАРДЫҢ БІРІ ЕДІ»
Ақын Мырзан Кенжебайдың пікірінше, Батыс Қазақстан облысы әкімінің өз кеңесшісін соттатқызып жіберуі, ал, Жазушылар одағының оны мүшеліктен шығаруы - қазіргі қоғамның іріп, шірігенінің белгісі. Мырзан Кенжебайдың бұл оқиғаның астарында өзгеше бір сыр бар деген ойда.
- Біз, 200-ге тарта қаламгер, Жазушылар одағының соңғы съезінде «Жазушылар одағы мерейтойлар мен қайтыс болған қаламгерлерді шығарумен ғана айналысып кетті. Ешқандай жұмыс істеп отырған жоқ. Белгілі бір адамдарды ғана сыйлыққа ұсынады, мұның өзінде жершілдік, рушылдық бар, сондықтан біз, өзіміз, жеке бөлімше ашамыз» деген болатынбыз. Соны ұйымдастырушылардың бірі осы Алпамыс Бектұрғанов болатын. Содан бері Жазушылар одағын сынап, жағымсыз адам болып келген Алпамыс Бектұрғановты одақтың мүшелігінен шығаруға «мылтықтың басуына құланның қасуы дөп» келіп, мүшеліктен шығарып тастап отыр, - деді Мырзан Кенжебай.

ЖАЗУШЫ МЕН ӘКІМ ӘЛІ КҮНГЕ «НҰР ОТАННЫҢ» МҮШЕЛЕРІ
Жазушылар одағы өз қатарынан шығарып тастаған Алпамыс Бектұрғанов президенттік «Нұр Отан» партиясының да мүшесі. Әзірге оны партия қатарынан шығару мәселесі саяси кеңестің күн тәртібіне қойылған жоқ деп жауап берді Азаттық радиосының сауалына «Нұр

Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалындағылар.
«Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстандағы филиалын облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов басқарады.
Алпамыс Бектұрғанов «жемқорлық былықққа араласы бар» деп облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовке жария түрде жала жапқан деп танылып, тамыздың 13-інде сот үкімімен бір жылға бас бостандығынан айрылған болатын.
Ал 22 қыркүйекте Алпамыс Бектұрғанов тағы бір қылмыстық іс бойынша және жауапқа тартылып, жемқорлыққа қатысы үшін сот оны үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы үкім шығарды.
Алпамыс Бектұрғанов «Орал өңірі» газетінің 2008 жылғы 19 мамыр күнгі санында жарияланған сұхбатында: «Жазушылар одағының Батыс бөлімшесінің бастығы болып мен 1994 жылы келдім. Осы қызметте 2007 жылға дейін жасадым» деген екен. Сонымен қатар, Алпамыс Бектұрғанов 1988-1992 жылдары аралығында Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған.
Жазушы Алпамыс Бектұрғанов «Жарқанат операциясы», «Тұрыңыздар, сот келеді», «Сен кімсің» деп аталатын хикаяттар кітабы мен «Топырағыңа табын» романының авторы.

 

"Азаттық" радиосы

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560